Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



11:20
ДЕНСАУЛЫҚ – ЗОР БАЙЛЫҚ

 

Сырдария адандық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен студенттер арасында «Жаман әдеттерге жоқ де» тақырыбында кездесу өтті. Онда жастар арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттерге қарсы күрес бағытында шаралар насихатталды. Сонымен қатар білікті мамандар қоғамдағы зиянды әдеттердің алдын алу, саламатты өмір салтын қалыптастыру және жастар арасында бос уақытты тиімді пайдалану жөнінде кеңес берді. Кездесу аясында «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Әбіл «Өз өмірімізді қаншалықты бағалаймыз» тақырыбында тренинг жүргізді. Тренинг аясында жастар өз ойымен бөлісті. Жастар іс-шара соңында уақыт пен денсаулықтың өміріміздегі маңызды құндылықтар екеніне көз жеткізіп, саламатты өмір салтын ұстау керек екенін түсінді.

http://aqmeshit-zhastary.kz/zharshy/densauly-zor-bajly/

Просмотров: 1001 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]