Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



07:34
Денсаулық сақтау министрі қай өңірде ана мен бала өлімі көп екенін айтты

20 наурыздағы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кейбір өңірлерде ана мен бала өлімі, қатерлік ісік мәселесі өзекті күйінде тұрғанын айтып, облыс әкімдерінен аталған мәселеге назар аудару қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Отырыста Елжан Біртанов ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа 2016-2019 жылдарға жоспарланған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының қалай жүзеге асып жатқаны жөнінде есеп берді.

 

«Медициналық алғашқы көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар орындалды. Жалпы практикалық дәрігерлердің саны ұлғайды. Барлық өңірде ауруларды басқару бағдарламасы енгізіліп жатыр. Енді пациент өз ауруын бақылауға алады. Биылдан бастап, бұл тәжірибе әрі қарай кеңейтіледі», - деді министр.

Кейін ол еліміздегі емханаларда қосымша туберкулезге қарсы онкологиялық, маммологиялық кабинеттер ашылғанын атап өтті. Министрдің пікірінше, бұл шаралар еліміз бойынша ана мен нәресте өлімін, әрі қатерлі ісіктен болатын өлім көрсеткішін төмендетуге мүмкіндік берген екен. Алайда Біртанов кейбір өңірде аталған сала бойынша шешілмеген мәселелер бар екенін хабарлады.
 

«Шығыс Қазақстан облысында ана өлімі республикалық деңгейден 53%-ке жоғары. Қостанай облысында нәресте өлімі республикалық деңгейден 31%-ке жоғары. Ал Павлодар облысында қатерлі ісіктен болатын өлім 56%-ке жоғары», - деді ол.

Осы орайда Елжан Біртанов аталған өңір басшылары аталған мәселеге назар аударып, тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігін жеткізді.
 

«Құрметті облыс басшылары, осыған орай келесідей негізгі бағыттар бойынша жұмысты күшейту қажет. Біріншіден, скринингтер мен профилактикалық тексерістерді қарау. Екінші жүкті әйелдерді уақытында есепке тұрғызу және 1 жасқа дейінгі балаларды патранаж бойынша атқарылатын шараларды 100%-ке жеткізу қажет», - деді денсаулық сақтау министрі.

Дәурен ЕРБОЛАТ

Baq.kz

Просмотров: 558 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]