Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:32
ДАҢҚТЫ ДӘРІГЕРЛЕР ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

23 ақпанда «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ директоры, профессор, «Қазақстанның Еңбек Ері» жерлесіміз Юрий Владимирұлы Пя, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Қазақстанның Еңбек Ері» Серік Қуандықұлы Ақшолақов және облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов ауданымызда болып, түркі әлемінің абызы Қорқыт ата рухына арнайы келіп, тағзым етті. Мәртебелі меймандар тарихимәдени мұражайдағы жәдігерлермен танысып, баба рухына арнап құран бағыштады. Мұнан кейін алтын қолды дәрігерлер бірлігі жарасқан ІІІ-Интернационал ауылында болды. Дәл осы мекенде Юрий Владимирұлының бақытты балалық шағы өткен. Мәдениет үйіне жиналған ауыл тұрғындары «алтын ұлдарын» зор қошеметпен қарсы алып, ақеден тілектерін арнады. Жерлестерінің көрсетіп жатқан құрметі мен ыстық ықыластарына риза болған білікті дәрігерлер, жиылған жұртшылыққа рахметін айтып, ел үшін еңбек ете беретіндіктерін жеткізді.

http://aqmeshit-aptalygy.kz/da-ty-d-rigerler-arma-shy-audanynda-boldy/

Просмотров: 997 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]