Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:07
Дәрігерлерге арналған бірыңғай пошта қызметі

Қазақстанда дәрігерлер үшін бірыңғай пошта қызметі пайда болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесе бірқатар жобалар іске асырылуда, оның ішінде дәрігерлер үшін бірыңғай пошта қызметі бар. Жоба аясында 8 мың тіркеу жазбасы құрылды. Жүйеге дәрігерлер күніне шамамен 170 мың рет кіреді. Аталған қызмет дәрігерлерге өзара байланыс құруға, саладағы түрлі тақырыптарда пікір алмасу үшін топтарды жасақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар министрлік ол жүйені медициналық қызметкерлердің ақпараттарын таратуға пайдаланады. Қазіргі кезде 250 мың орта және кіші медициналық қызметкерлер үшін тіркеу жазбаларын құрып жатырмыз»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, еліміз бойынша интернет желісіне қосылған медициналық ұйымдардың орташа көрсеткіші 53 пайызды құрап отыр. Бұл тұрғыда Астана мен Алматыда 100 пайыздық деңгей қамтамасыз етілген, ал төмен көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан (15 пайыз), Павлодар (33 пайыз), Қостанай (27,7 пайыз), Қарағанды (34,9), Шығыс Қазақстан (29,4 пайыз), Ақтөбе (36,8 пайыз) және Ақмола (23,2 пайыз) облыстарында байқалуда.

«Сонымен бірге өңірлер мен Астана және Алматы қалаларының барлық қалалық, облыстық денсаулық сақтау ұйымдары мен аудандық орталық ауруханалар интернетке қосылған. Ауылдық жерлерде техникалық мүмкіндіктердің жоқтығынан денсаулық сақтау ұйымдарының желіге қосылу пробламасы бар»,-деді Біртанов.

Белгілі болғандай, жүзеге асырылып жатқан жоба аясында 2017-2019 жылдардағы бірінші кезеңде денсаулық сақтау мекемелерін интернетпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

 

http://syrboyi.kz/zedelnews/12377-drgerlerge-arnalan-bryay-poshta-yzmet.html

Просмотров: 746 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]