Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



15:02
Бурабайда аудандық аурухана ғимараты толықтай қалыпқа келтірілмек

31.07.2017,

Ақмола облысының Бурабай ауданында алдағы күзде су жаңа аурухана пайда болады. Бұл – Ұлт жоспарындағы 81-қадамда көрсетілген міндеттің айқын көрінісі. Олай дейтініміз, аймақта алғаш рет мемлекеттік медицина мекемесі жекенің басқаруына беріліп отыр. Бірақ сатып алу құқығынсыз. Ал оның жемісін ең алдымен қарапайым халық көрмек. Себебі инвестор осыған дейін қызмет етіп келген аурухана ғимаратын өз қаражатына толықтай күрделі жөндеуден өткізіп, заманауи қондырғылармен жабдықтайды. Осыған дейін ұсқыны кетіп, әбден ескірген аудандық аурухана ғимараты қазір адам танымастай өзгеріп келеді. Төрт қабатты нысанды толықтай қалыпқа келтіруге инвестор 2 млрд теңгеден астам қаржы құйып отыр. Оның жартысына жуығы жөндеу жұмыстарына жұмсалса, қалғанына су жаңа қондырғылар сатып алынбақ.

Нұрлан Асқаров, құрылысшы:

Біз шатырдан бастап жертөлеге дейін толық күрделі жөндеу жүргізіп жатырмыз. Ғимараттың сыртын ирандық травертин тасымен қаптаймыз. Қазір жұмыстар 75 пайыз орындалды. Менің ойымша, біздің аурухана аймақтағы ең алдыңғы орындағы мемлекеттік медицина мекемесі болады. Аурухананың жаңарып жатқанына ең алдымен жергілікті тұрғындар өте қуанышты. Себебі емдеу мекемесінің бұрынғы кейпі бәріне мәлім. Қондырғылары да ескі еді. Ал енді жаңа нысанда бәрі де жаңа болмақ.

Екатерина Ермолинко, Щучинск қаласының тұрғыны:

Осы ғимараттың жөнделіп бітуін асыға күтіп жүрміз. Бұрынғы аурухананың жағдайы сын көтермейтін. Ал енді оның барлығы ұмытылады деген ойдамын. Жаңа емханада өте жоғары деңгейде қызмет көрсетіледі деп сенеміз.

Сергей Киласьев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Бурабай ауданының халқы бұл нысандарда бұрынғыдай тегін емделе алады. Біз мекемені жекеге тек 30 жыл басқаруға сатып алу құқығынсыз беріп отырмыз. Есесіне бұл жерде бұрын-соңды болмаған соңғы үлгідегі компьютерлік томограф секілді диагностикалық аппараттар мен зерттеу құрылғылары пайда болады. Медициналық қызмет түрлері де көбейіп, сапасы да жақсарады. Сондай-ақ тұрғындар бұл жерден бұрын облыс орталығына баруға мәжбүр болған кейбір ақылы медициналық қызметтерді де ала алады. 200 орындық аурухана алдағы қыркүйек айының соңында қайта іске қосылмақ. Ал осындай жаңа ауруханада кейбір астаналық дәрігерлер қызмет етуге қазірдің өзінде қызығушылық танытып отыр екен.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lt-zhospary/item/189360-ly-taj-alyp-a-keltirilmek

 

Просмотров: 502 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]