Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



09:51
БІЛІКТІ ДӘРІГЕРДІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛДЫ

Облыстық перинаталдық орталығында Сыр медицинасының негізін қалаушылардың бірі, белгілі дәрігер София Мақашеваны еске алуға арналған шара өтті.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шара дәрігердің өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін бұрыштың ашылуымен басталды.

София Мақашева 1923 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1940 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік медицина институтына оқуға түседі. Екі жылдан кейін соғыс басталып, үзіліс жасауға тура келеді. Сол жылдары ішкі істер басқармасында, Қызылорда қалалық комсомол комитетінде қызмет атқарған. 1945 жылы Сталинабад мемлекеттік медицина институтында оқуын жалғастырып, 1948 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Одан соң жолдамамен Шиелі аудандық денсаулық сақтау бөліміне меңгерушілік қызметке келді. 1948-1952 жылдар аралығында Сырдария аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 1952 жылы Қызылорда фельд­шер-акушер мектебінің директоры болып еңбек етті. Сол жылы Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалып, 30 жыл табан аудармастан басшылық жасады. Осы уақыт аралығында облыстық денсаулық сақтау саласы айтарлықтай жетістіктерге жетті. Мәселен, облыс ауруханаларындағы төсек саны 970-тен 6540-қа, дәрігер саны 92-ден 1427-ге жетсе, орта буын медицина қызметкерлерінің саны да едәуір артты. Медициналық бекеттер 76-дан 290-ға, санитарлық автокөліктер саны 19-дан 300-ге жеткізілген. С.Мақашева 2006 жылы 83 жасында өмірден озды.

София Мақашеваны еске алуға арналған шара ғылыми-тәжірибелік конференция­мен жалғасты. Конференцияда сала ардагерлері Е.Омаров, Т.Маханов, облыстық денсау­лық сақтау басқармасының басшысы А.Әл­на­зарова биыл 95 жасқа толатын білікті бас­шы, майталман маманның өмірі мен ең­бек жолы, қызметтегі жетістіктері, өмір­лік ұстанымдары туралы баяндап, жып-жылы естеліктерімен бөлісті. Сонымен бір­ге жиылғандар София Өтегенқызы туралы пери­наталдық орталық дайындаған бейне­роликті тамашалады және үздік жастарға С.Мақашева атындағы атаулы стипендия сертификаты табысталса, бірқатар медицина қызметкерлері «Қызылорда қаласының 200 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталды.

Соңынан марқұмның рухына арналып құран бағышталды.

http://www.syrboyi.kz/akparat/25681-blkt-drgerd-eske-alua-arnaldy.html

Просмотров: 532 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]