Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



11:32
БАСҚАРМА ҮШІН «ОБИДНО»!

 

«Абай заманынан бергі қазақ өзгерді ме? Маған осы сауал жиі қойылады. Бәрі өзгерді. Киген киіміміз, тұратын үйіміз жаңарды. Бірақ жан-дүниеміз, рухымыз құлдырап кетті. Ақша бірінші орынға шықты. Қарапайым халықтың өзі кісіліктен, ұят-намыстан бірте-бірте айырылып жатқан сияқты. Алдап-арбау көп. Базардан бірдеме сатып алсаңыз да, алданып қаласыз. Күн көрудің жолында жастарымыз алаяқ болып алған». Мұны жазған мен емес, иесі заңғар жазушы-драматург Дулат Исабеков.

Осыдан жеті жыл бұрын басқа жоба қолға алған соң, сол кездегі баспасөз хатшысы Нұржамал Бектайқызы Тұрсынбаеваға «Сыр емшісі» газетін шығару жөнінде ұсыныс айттым. Ол басында «Қолымнан келер ме, екен?» деп күмәнданды. «Өзім көмектесемін, әрі облыстық денсаулық сақтау басқармасында жұмыс істейсің, таралымын көбейту өз қолыңда» деп үміттендірдім. Бірақ бір шарт қойдым: қасыңда дәрігер кеңесші отыруы керек, өйткені сенің медицинадан хабарың жоқ, газетке «медициналық газеттің негізін қалаған деп менің аты-жөнімді жазасың». (Ол кейін дәрігер кеңесшіні де алмады, өйткені оған ақша төлеу керек. Келіскен сөзді де алып тастады).

Оны аталған газетке бас редактор етіп тағайындап (Бұл «Сыр емшісі» газетінің тігінділерінде тұр), айына 40 мың теңгеден жалақыны алты ай бойына төледім. «Кейін, жағдайың түзелгесін, қайтарарсың» дегенмін. Ауызша. Бұл аманатқа жеті жыл бойына қиянат жасап, осы күнге дейін қайтармады. Сұраған сайын, кейін, өзім хабарласамын деп құрғақ уәдемен тойдырды. Мен оның сөзінде тұрмайтын адам екеніне және бұл дүниеде ақшаны мүлдем бермейтініне көзім жетті.

Сонымен, ол жаңа газетін тіркеп, оны «Жан мен Дәру» деп атады. Бірақ газеттің атына заты сай болмай шықты. Жан-психика, дәру-фармация болса да, бұл бағыт бойынша бірде бір мақала жарияланбады, газет қатеге толы, мақалалары «Интернеттен» ұрланып, оған ақы төлеген дәрігер мен мейірбикенің атын қойып, әбден былықтырды. Өтірік десе, бұл газеттің кейбір сандары «Интернетте» тұр.

Нұржамал Бектайқызы Тұрсынбаева «плагиат» ұрлық екенін, авторлық құқықты бұзу заңмен жазаланатынын мүлдем естен шығарды. Өйткені әр мақаладан алынатын 2 мың теңге оны ойлауға мұрша бермеді. Бұл тірлігін мақалаларын жариялаған облыстың барша дәрігерлері мен мейірбикелері жақсы біледі. «Анемияны» «қанемия» деп жазып, «жаңалық» ашты.  Газеттің таралымы көп болса, қолына мол ақша түсетінін түсінген ол 200 қызметкері бар қалалық тубдиспансерге 400 дана, облыстық медорталыққа 1000 дана «жаздырып», «айды аспанға» бірден шығарды. «Ай» демекші, бір әңгімесінде «Айдан да ақша тапқан әйел» деп есірді (Өзін айтып отырғаны). Жердің өзінен ақшаны зорға тауып жүрген маған мұның ертегідей әсер еткені бар.  

Аттестаттауға байланысты мақала жариялау науқанында басқармадағы «Нұржамалдың лавкасының» саудасы жақсы жүрді. Бір номердегі мақаланы екінші номерге авторының аты-жөнін өзгертіп жариялауды, басқа ақпарат көздерінен мақала ұрлауды «кәсіби» меңгеріп алды. Департамент «плагиат» деп қайтарылған мақалалардың ақшасын мейірбикелерге қайтарып, өз «сүйікті ісін» жалғастыра берді. Мұның бәрін сол кездегі басқарма басшысының, орынбасарларының көзінше ашық жасады. Басқарма «ашық сауда алаңына» айналды. Оған «Қой» деген адам болған жоқ. Бұл тек аттестаттауға мақала қажет болмаған кезде және басқарма басшысы болып А.Ш.Әлназарова тағайындалғанда ғана тиылды. Газет қазан айында жабылды. Соңғы екі саны шықпаса да, жазылған оқырмандардың ақшасы оның қалтасына түгел түсті.

Ол «Фейсбукті» де «меңгеріп», ондағыларды да біраз шулатты. Өздеріңіз бағалаңыздар, бірнеше жазбалар (Жазбалар сол күйінде келтірілді):

Денсаулық Сақтау Басқармасы Қызылорда13 декабря 2014 г. · Город Кызылорда, Казахстан :  «Облыс бойынша 100 науқас жасады бүйрекке таңылған, оның 28 күту парағында. 12 науқас бауырға, 4 науқас жүрек ауыстырсам деген үмітте. Осы уақытқа дейін 30 науқас бүйрегін ауыстырып, жаңаша өмір сүруге көшкен. Олардың барлығына туыстық донор жасалса, 1-уі мәйіттік донор. Өмірге құштар сол бала, қазір өзін жақсы сезінеді. Республикада 4 болып бүрек ауыстыру отасын жасаған Қызылорда облысы, жаңашылдықты әрі қарай жалғастыруда.»

Багдат Булегенов 13 декабря 2014 г. в 23:06«Білдей, бір облыстың, "Облыстық денсаулық сақтау басқармасы" ақпаратты қатесіз жазуына болатын шығар, мынаны жазған орыс па, қазақ па?»

Денсаулық Сақтау Басқармасы Қызылорда 13 декабря 2014 г. в 23:22

«орысшасы қай жерде, аккаунтта отыратын жасы 47-ге келген қызметкер -әйел деп білерсің , жаным»

Мухит Нурмахан14 декабря 2014 г. в 10:02«Орфографиясында қате жоқ, қате стилистикасында. "100 науқас жасады"- дейді. Нені жасады? 100 жас жасадыма а». «әлде ота жасадыма? Әңгіме осы жерде.» «Бұл жерде , бұл жазуға жігіттікттің ешқандай қатысы жоқ. Мәселе бүкіл облыстық денсаулық сақтау басқармасы ақпарат бөлімінің қате жазуында. Бұл ұят нәрсе. Мен жазсам , екінші рет сабақ болсын деп отырмын жазатындарға. Айтпаса сөздің атасы өледі. Жігіт емессіңбе, ұят емессіңбе деген сөздер қазаққа, қазақ тіліне келгенде жүрмейді айналайын! Осынша ма жылдар айтпай келдік ұят болады деп. Ақыры не болды тілімізден,дінімізден айрылып қала жаздадық.ә

Денсаулық Сақтау Басқармасы Қызылорда 14 декабря 2014 г. в 21:28«айналайын замандасым, Қызым, және Бағдат ұлым! Сіздерді біраз әуреге салсам, кешірім өтінемін. Мен жұмыстың соңында асығыс жазып едім, жұрт білсін деп. Және аса қуанышты да едім, себебі жазғанымдай мәйіттік донормен бүйрек ауыстырған жас баланың қуанышын бөліскенмін. Оның көзіндегі өмірге деген құштарлықпен, біздің мынадай ит-ырқылжыңымыз далада қалады. Ұрыспайық, қателігіміз болса кешірейік! Қәні, бәріміз бір-бірімізге жақсылық ойлайық, дүние өзгеретініне кепілдік берем, Сен де қуанасың. СОСЫн, Нұрлыбек замандасым айтпақшы, "жасанды" бүйрек деп оқуларыңызды сұраймын.»

Нуржамал Турсынбай. 28 декабря 2015 г. в 7:17: «Адамнын баласы ешкашан шындык айтайды---- сен ушин сенин конил куйин жауап береди- деппп кояды нурекен.»

Нағашыбай Есмырза. 28 декабря 2015 г. в 13:33: «Не деп жазғаныңды өзің түсіндің бе?»

Нуржамал Турсынбай. 28 декабря 2015 г. в 13:40: «Сра тусинбеген шыгармын не болмаса жумбактаган шыгармын не болмаса аласыран конилдин жетегинде кеткен шыгармын нагашыбай есмырза кеширирсиз тусинбесениз окыманыз айып болмасын».

Әңгімені осы жерден доғаруға болар еді, бірақ «Айтпаса, сөз атасы өледі» деп жоғарыда айтылғандай, Нұржамал Бектайқызы Тұрсынбаева облтв-дан да медициналық хабар жүргізіп, оны да оңдыртпады. «Таң» телеканалындағы хабарда басқарма басшысының костюміндегі микрофонды алып тастауға шамасы жетпей, оның облыс әкімінің орынбасарымен сөйлескен сөзі бүкіл елге тарады. Басқарманың қызметкері ретінде оның «Әріптестер, не істеп жатырсыздар, бұл жеке адамның сөйлесуі, ұялы телефон арқылы. Журналистік этикаға қайшы» деп экранды көлегейлегенде, хабар эфирге шықпас еді. Нұржамал Бектайқызы Тұрсынбаеваға бұл оқиға бойынша басшының не айтқанын білмеймін, бірақ оның қызметі бас маманға дейін жоғарылады.

Шәкәрім атамыз: «Ең зиянды адам – мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам» деген екен. Нұржамал Бектайқызы Тұрсынбаеваның тірлігіне қарап, соған көзім жетті. 

Оның істеген істерінің оспадарсыздығынан «Шөлдің ақшаңқан аспаны» («Белое солнце пустыни») фильміндегі кейіпкер, кеденші Верещагинше: «Басқарма үшін – ОБИДНО!» деп естіртіп айтқың келеді.

Серікбай СМАҒҰЛҰЛЫ,

Қызылорда 

 

«Сыр медицинасы» газеті, мамыр айы

 

Просмотров: 961 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]