Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



10:40
БАЛАҢЫЗ ГАЙМОРИТ БОЛЫП ТУЫЛМАСЫН ДЕСЕҢІЗ…

Жалпы әйел заты жүктілік кезінде өзін моральдық тұрғыда тәрбиелеп, жан дүниесін үнемі сабырға шақырып, пайдалы істермен шұғылданып, адами этикетті сақтауы керек. Сонымен қатар, жүкті болған әйел күнделікті ішіп-жейтін тағамына баса назар аударғаны маңызды. Өйткені, іштегі сәби анасы арқылы қоректенетін болғандықтан, оның денсаулығы, болмыс бітімі сол арқылы дамып, жетіледі. Бұл бүгінгі медицинаның дәлелдеп, арнайы психолог мамандарының тұжырымы.

 

Ал, Ислам діні бұл мәселе төңірегінде осыдан XIV ғасыр бұрын айтып кеткен болатын. Дінімізде бала тәрбиесіне баса назар қойылған. Бала тәрбиесі жайында Құран мен хадистерде кеңінен айтылғандығы да белгілі. Сондай бір мысалдардың бірі, ертеректе дін ғұламаларының біріне жаңа дүние есігін ашқан сәбиді құшақтаған жас әке келіп, баласына қалай тәрбиелеу керек екендігін сұраған көрінеді. Сонда ғұлама кісі: «Сен балаңа тәрбие беруге кешігіп қалған екенсің. Ұрпағыңа дұрыс тәлім-тәрбие беруді отбасын құрмай тұрып, жар таңдаған кезде, одан кейін әйеліңнің бойына бала біткен күннен бастап ден қоюуың керек еді» деген екен.

 

Иә, қазір адам ағзасына кері әсерін тигізетін түрлі химиялық қоспалары бар тағамдар жетіп артылады. Бұндай асты арқау ету жүкті әйел тұрмақ, асқазаны тасты да қортатын денсаулығы шымыр ерлергеде зиянын тигізетіні белгілі. Ал, оны жүкті әйелдер пайдаланытын болса ше? Өзімен қоса, жатырдағы баласын да уламай ма? Мысалыға жүктілік уақытында балмұздақпен жиі шөлін қандыратын әйелдердің босанған сәбилері 70-80 пайыз гайморит ауруымен туылатыны анықталған. Шындығында біз мән беріп қарамаймыз, дегенмен салқын астың себебінен сәбиіміздің өмірлік тынысын өз қолымызбен бітеп жатамыз. Сондай-ақ, бейресми ақпарттарға сүйенсек үнемі ашуыға мініп, күйгелектеніп дүниенің тынышын алатын әйелден қан қысымы жоғары бала туылатындығы да айтылып жүр. Бір қараған адамға бұлар болмашы нәрсе болып көрінгенімен, аталған себептер бүлдіршіндердің болашағына кәдімгідей әсерін тигізіп жатыр.

Түйін. Астындағы арғымағын доңыздың басқан жеріне жайып, сусындатпаған Кенесары бабамыз бен Құнанбайды дәретсіз емізбеген Зере анамыздың өмірлері бізге өнеге. Солардың ізін жалғап, тектіліктің тұғырын мәңгі сақтап қалу үшін болашақ ұрпағымыздың қамын бүгіннен бастап қолға алғанымыз жөн.

Абдурахман Жантөре

http://osken-onir.kz/bala-yz-gajmorit-bolyp-tuylmasyn-dese-iz/

Просмотров: 1045 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]