Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:12
БАЙМЫРЗА ӨТЕШОВКЕ

Денсаулық саласының үздігі, белгілі дәрігер

БАЙМЫРЗА ӨТЕШОВКЕ

Аурухана палатасы - кіргені,
Тынықпайды алып, сірə, бір демін.
Ұнжырғасын көтереді науқастың,
Қолы жеңіл Баймырзаның ем-домы.

Сауықтыру қажығанды - қиыны,
Төгіледі сондай жанға мейірі.
Əр сырқаттың көңіл-күйін түзейді,
Даладай кең Баймырзаның пейілі.

Мінезі де, болмысы да нар кісі,
Ізгілікке жетелейді əр ісі.
Сан жетпейді, біле білсең, санауға,
Елден алған Баймырзаның алғысы.

Айқара ашық бұл доктордың есігі,
Айдан анық диагноздық шешімі.
Ел аузынан еститінің əрқашан,

«Аңыз адам» Баймырзаның есімі!

Ерғали АБДУЛЛАЕВ

"Арал əлемі "газеті. 14 маусым, 2019 жыл.

Просмотров: 433 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]