Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



12:25
Бақсылық пен нақтылық

Қазіргі заман басына қиыншылық түссе, көпшіліктің жүгінетін алғашқы нәрсесі Құдіреті шексіз Алла Тағаланың жәрдемі емес, қолынан түк келмейтін бақсы-балгер, емшінің тәтті өтірігі болып кеткені құпия емес. Расында, халық арасында бұл дерттің таралуы еліміз үшін үлкен қасірет. Өзін ғайыпты білуші, бақсы, емші, көріпкел етіп жариялаған адам халық білімсіздігін пайдаланып, түрлі айла қолдануда, әрі олардың саны жылдан жылға өсуде. Енді бәз біреулер Құранды ашып қойып, кітаппен бал аштық деп жатады, әрі өзінің дұрыс емес тірліктерін осылай асыл дініміз арқылы бүркемелекші болады. Бәрібір мұның барлығы да «бал ашушылыққа» жатады. Шариғатта тыйым салынған ем түрлерінің бір ортақ қасиеті – мұсылманды сенім мәселесінде адастыру.
Жалпы, қазақ медицинаға қалай қарағанын білгіміз келсе, тарих беттерінен дерек іздеудің қажеті шамалы. Халықтық медицина деп ат қойған емдік шараларға көз жүгіртсек болғаны. Елімізде түрлі шөппен ем қондыратындар көп өмір сүрді деп ойлайды. Сонымен бірге, әлдебір тылсым күшпен науқасты құлантаза айықтыратындардың есімі ауыздан-ауызға тарап жатты. Ақиқатында, халық емшілерінің құпиясы адамның рухын көтеруге бағытталған. Олар психология ғылымынан хабарсыз болса да өз бойындағы табиғи дарынның нәтижесінде науқас адамның жан дүниесіне үңіліп, оның көкірегінде жатқан үміт отын тұтатқан. Бұрын қара суды кері ағызған емші, бақсы-балгерлер болғанын тарих жоққа шығармайды. Қобызын тартып, жынын ойнататын бақсылар бүгінде жоқ. Емші дегендердің көбі құмалақ салып, бал ашудан ары аса алмайды. Ал медицина шарықтап дамып кетті. Адамды ажалдан арашалайтын ақ халаттылар ғылымы тылсымнан гөрі нақтылыққа жүгінеді. Кейде медицинада адам күтпеген тосын оқиғалар болып жатады. Ендеше, басымызға қандай да бір іс түссе, мысалы қатты ауруға шалдықсақ, бақсы-балгерлерге емес, әуелі Аллаға алақан жайып жалбарынып, одан кейін әрекет жасап, шариғаттың шекарасын сақтай отырып, білікті дәрігерлерге қаралған жөн.

Биназир ЖАХАНША

https://aqmeshit-zhastary.kz/okigalar/1309-basyly-pen-natyly.html

Просмотров: 616 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]