Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:49
БАҚ-ң адам ағзасына тигізетін зиянды әсері

БАҚ – Адам өміріне мүлдем қажет емес биологиялық активті қоспа. Адам ағзасының дамуына, дұрыс тамақтану кезінде адам ағзасына түсетін майлар, көміртегі, ақуыздар, сонымен қатар түрлі дәрумендер қажет. Осыған орай, БАҚ-ң адам ағзасына қажет еместігін байқаймыз.

БАҚ дәрілік затқа жатпайтындықтан, қауіпсіздігіне ешқандай тексеру жүргізілмейтіндіктен, оны кез келген өндіруші жасауы мүмкін. БАҚ өнімінің арзандауы, сапасының төмен болуы, құжаттардың болмауы және өндіру кезінде фармацевтикалық талаптарының қадағаланбауына байланысты. Яғни, Сіз өзіңізге керек нәтиже көрсетпейтін БАҚны қомақты ақшаға сатып аласыз.

БАҚ-ң ең басты көрсеткіші нәтижесінің төмендігі. Адам ауырған кезде, ем алу үшін жарнамадан көрген БАҚ-сын алып, ауруынан айығамын деп қабылдайды, нәтижесінде, аурумен күрескенде ағза өзіне керек препараттарды алмаған соң денсаулығы нашарлайды. БАҚ ауруды емдемейтіндігімен қауіпті, дәрілік затқа жатпайтындығы зиянды әсерін тигізеді.  БАҚ азық-түліктен тартылған нәр, сол нәрді сіз күнделікті пайдалы және дәмді жеміс-жидектерден аласыз.Сіз азық-түлікпен ауруыңызды емдемейсіз, себебі, ол дәрілік затқа жатпайды, сол сяқты БАҚ-ң да азық түліктен айырмашылығы жоқ.

Автор:

Ғ.А. Абдукаимова, Жамбыл аудандық ТҚҚБ басшысы З.К. Куштекова ТҚҚ бөлімінің басшысы

http://zhardem.kz/news/8042

Просмотров: 954 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]