Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Тамыз » 10 » ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ
15:22
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

Еліміздегі жедел жәрдем қызметіне біршама өзгерістер енгізілді.ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жедел медициналық көмек көрсету ережелері туралы бұйрыққа қол қойды. Ереже жедел жәрдем қызметін жеңілдету мақсатында енгізілді.
«Біздің талдауымызға сәйкес, жедел жәрдем созылмалы ауры бар науқастарға қызмет көрсетеміз деп, ажал аузында жатқан адамдарды құтқаруға үлгермей жатады. Сол себепті жедел жәрдемге түскен қоңырауларды нақты төрт топқа бөлу ұйғарылды. Алғашқы үшеуі шұғыл әрекетті көздейді. Ондай қоңыраулар диспетчерлік қызметте қала береді. Барлығына жедел медициналық көмек қызмет көрсетеді. Ал төртінші топқа созылмалы ауруы бар науқастар жатады. Бұндай қоңыраулар емханалардың жанындағы жедел жәрдемге жіберілетін болады. Олар да күні-түні жұмыс істейді. Осылайша, жедел медициналық қызметтің жұмысын барынша жеделдету қарастырылған», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі ЛяззатАқтаева бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, жедел жәрдемде жұмыс істейтін дәрігерлер мен фельдшерлердің кәсіби дайындығына нақты талаптар қойылады. Аталған мәселе де министрдің бұйрығында көрсетілген. «Бұдан бөлек, аудандық және облыстық жедел жәрдем қызметтері бір жүйеге қосылып жатыр. Қазіргі кезде машиналарды GPS-навигаторлармен жабдықтау жұмысы аяқталуға жақын. Осының арқасында жедел жәрдем көліктерінің жылдамдығын бақылауға мүмкіндік бар», – деп атап көрсетті вице-министр.

http://stan.kz/

http://aqmeshit-aptalygy.kz/aza-standa-y-zhedel-zh-rdem-yzmetine-zgeris-engizildi/

Просмотров: 71 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.