Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



19:24
ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ БІРІНШІ БОЛЫП АНАДАН БАЛАҒА АИТВ-НЫҢ БЕРІЛУІНЕН ЕРКІН ЕЛ РЕТІНДЕГІ ДДҰ СЕРТИФИКАТЫН АЛУҒА ДАЙЫНДАЛУДА

Қазақстан Орталық Азиядағы бірінші болып анадан балаға АИТВ-ның берілуінен еркін ел ретіндегі ДДҰ сертификатын алуға дайындалуда.

Бүгінгі таңда республикада тиімді профилактикалық іс-шаралардың арқасында АИТВ-ы бар 99 пайыз әйел дені сау ұрпақты өмірге әкелуде. АИТВ жұқтырған аналардан АИТВ балаға берілу қауіпін төмендету жүкті әйелдердегі инфекцияны уақытылы анықтау және антиретровирустық препараттарды (АРВП) ерте тағайындау жағдайында мүмкін болды, деп жазады Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты.

Соңғы алты жылда елде АИТВ-ға тестілеуден өткен жүкті әйелдердің саны 3 есеге артқан. Әрбір болашақ ана босануға дейін екі рет тестілеуден өтеді. Жыл сайын бірінші реттен шамамен 230 АИТВ жұқтырған жүкті әйел анықталады. Көптеген АИТВ жұқтырған әйел профилактикалық іс-шаралардың тиімділігіне көздері жеткен соң баланы босануға шешім қабылдайды. Қазіргі кезде мұндай әйелдерден екі немесе одан да көп баланың туылуы сирек жағдай емес. Ана болу шешімін мемлекет тарапынан іске асырылатын әлеуметтік шаралар да нығайтуда. Жаңа туылған нәрестелер бір жарым жыл медициналық бақылауда болады, сүтті қоспалар тегін және антиретровирустық препараттар шәрбәт түрінде беріледі, сондай-ақ ол өнімдердің барлығы түпнұсқалық өнім.

«АИТВ анадан балаға берілу жолы медциналық мамандардың «басқаруына» жатады. Проблеманы шешуге кешенді әдісті қолдана отырып медициналық мамандардың барлық деңгейінің қатысуымен сауатты профилактиканы жүргізу жағымды әсерлерге жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Қазақстанда Орталық Азияның басқа да елдерінің арасында АИТВ анадан балаға берілуінің алдын алуға қолжетімділік қамтамасыз етілген, - дейді ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығының бас директоры Бауыржан Байсеркин.

Балаларды қорғаудың халықаралық күні қарсаңында Алматы қаласында Бауыржан Байсеркин ДДҰ делегациясымен кездесті. Оның барысында АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің элиминациясы бойынша ДДҰ сертификатын алудың барлық талаптары мен жағдайлары талқыланды. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда ТМД-да тек бір ғана ел – Беларусь сондай сертификатқа ие болып отыр. Сертификатты ДДҰ бір жылға береді, әрі қарай оны алған ел жұмысының нәтижелерімен растау қажет.

https://kyzylorda-news.kz/news/lifnews/15323-azastan-ortaly-aziyaday-brnsh-bolyp-anadan-balaa-aitv-ny-berlunen-erkn-el-retndeg-dd-sertifikatyn-alua-dayyndaluda.html

Просмотров: 863 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]