Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:57
АУЫЛ ДӘРІГЕРІ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қазіргі жастарға деген риясыз қамқорлығының нәтижесінде «Дипломменауылға» бағдарламасы өмірге келді. Сол арқылы көптеген жастар жоғары оқу орындарын тәмамдаған соң, өз мамандығы бойынша аудандық, ауылдық жерлерде қызмет етуде. Сондай жастардың бірі Орал қаласындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясының түлегі Елеусінова Динара Мейрамбекқызы. Ол жоғары оқу орнын тәмамдағаннан кейін 2010 жылы Жалағаш аудандық емханасына «Дипломмен — ауылға» бағдарламасы арқылы дәрігер болып жұмысқа орналасты. 2014 жылы Қармақшы аудандық амбулаториялық-емханалық қызметі бар орталық ауруханасының жанындағы Жаңажол дәрігерлік амбулаториясына аға дәрігер болып ауыстырылды. Сол жылдан бері осы жерде қызмет етіп келеді. Динара жұбайы Данияр Ахметовпен 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырған үлгілі жас отбасылардың бірі.

— Біздің басты міндетіміз аурудың алдын алу, науқасты кезінде анықтап, ем-шара қолдану. Халықты дәрігерлік тексерістен өткізіп тұру. Мен сияқты көптеген жастар Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында «Дипломмен — ауылға» бағдарламасы бойынша көтермеақылар мен тұрғын үйлерге ие болуда. Мен де сол жастар сияқты үкімет тарапынан жасалған қамқорлықтарға ие болғандардың бірімін. Елбасымыздың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында айқындалған мақсаттардың ел болашағы үшін мәні мен маңызы зор сипатқа ие. Оның ішінде ұлт денсаулығы-ұрпақ болашағы мәселесіне үлкен қолдау көрсетіліп отырғанын айрықша атап өтуге болады. Денсаулық саласы Елбасымыздың әркез қолдап, үнемі назарда ұстап келе жатқан саласы,-дейді Динара Елеусінова.

Қазір көптеген жастарымыз өздері қалаған мамандықтары бойынша еңбек етіп, тәуелсіз еліміздің қарқынды дамуына үлестерін қосуда. Мәңгілік елімізді ізгі мұраттарға жеткізетін өз ісінің білікті мамандары. «Елдің ертеңін білгің келсе, сол өңірдің жастарына қара» деген қанатты сөз бекер айтылмаған. Қабілеті қарымды, білікті жас мамандар бар да болашағымыз жарқын болары хақ. Сөзіміздің дәлеліндей Динара Мейрамбекқызы елге ыстық ықыласын сөзбен емес, іспен көрсетуде.

Құралай КӨКЕЕВА.

Сурет bansalhospital.com сайтынан алынды.

http://qarmaqshy-tany.kz/auyl-d-rigeri/

Просмотров: 1108 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]