Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



11:54
АСПИРИН ПОТЕНЦИЯНЫ АРТТЫРАДЫ

Аспиринді ұдайы қабылдау потенцияны көтереді. «Медпол» түрік университетінің медиктері осындай тұжырымға келген. Олардың жұмысын Renal and Urology News журналы жариялады.

Зерттеуге эректилдік дисфункциядан жапа шегетін 184 адам қатысқан. Олардың орташа жасы 48 жас болған. Олардың бір бөлігі алты апта бойына күнделікті аспирин ішсе (100 миллиграмм), екінші жартысы плацебо (жалған «дәрі») қабылдаған.  

Эксперимент біткеннен кейінгі жүргізілген сауалнама, үлестеріне аспирин тиген еркектердегі сәтті жыныстық акт үлесінің 31%-тен 78%-ке өскенін көрсетті.

Зерттеу авторларының бірі, доктор Зеки Байрактар мұндай ықпал ацетилсалицил қышқылына  байланысты деп есептейді. Өйткені ол қан тамырды тарылту әсерін беретін тромбоксанды өндіруге жауапты тромбоциттердің орташа көлемін төмендетеді.

«Сыр медицинасы» газеті

Дереккөз: vrachirf.ru 

Просмотров: 611 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]