Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



19:39
АРАЛДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін аудандық мәдениет орталығында 17 маусым - Медицина қызметкерлері күніне арналған «Адам жанының шипагерлері» атты салтанатты жиын өтті.
Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.Әлішева құттықтап, елеулі еңбектерімен ел аузында жүрген, жетістік туын көтерген бірқатар қызметкерлерге аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.
Сырқат жандардың сеніміне дәнекер, дертіне дауа, жанына шипа дәрі
герлер қауымына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Б. Кеншімбаева мерекелік лебізін білдіріп, дәрігерлер мен мейірбикелерге облыстық денсаулық сақтау басқармасының мерекелік марапаттауларын табыс етті.
Одан кейінгі мерекелік құттықтау сөз кезегін алған «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Жоланов «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының марапатымен аудандық аурухана қызметкерлерін марапаттады.
Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері М.Ршымбетов ақ халатты абзал жандарды мерекемен құттықтап, қызметкерлерге Арал аудандық орталық ауруханасы мен аудандық медицина қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің мадақтамаларын және алғыс хаттарын табыстады. Бұл мерекелік құттықтаулардан аудандық медицина саласының ардагерлері де қалыс қалған жоқ.
Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.


Сая Ералиева

Просмотров: 887 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]