Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:50
Қарағандыдағы медицина университеті жаңа қондырғымен толықты

Енді болашақ ақ халаттылар виртуалды науқасты емдеу арқылы білімін шыңдайды. Тірі адамды алмастыратын ақылды қондырғы өзінің қал жағдайы, көңіл-күйі, қай жерінің ауырып тұрғаны жайлы айтып береді. Ал студенттер тез арада диагнозын анықтап, тиісті ем-домын жасау қажет. Алғашқы медициналық көмек науқастың ағзасына қалай әсер еткендігі жайлы ақпарат кейін онлайн жүйесінде көрсетіледі. Осыған қарай, тәлімгерлердің жұмысы бағаланады. Құны 80 миллион теңге тұратын бұл әмбебап құрылғы арқылы 20-ға жуық медициналық көмек түрлерін көрсетуге болады. Әзірге мұндай қондырғы ТМД елдері арасында ешбір медициналық оқу ордасында жоқ.

Гүлшат Кемелова, медицина университетінің ұстазы: - Заманауи қондырғының жұмысы өте қарапайым, студенттер тез меңгеріп алады. Бұл аппарат болашақ дәрігерлерге шұғыл диагноз қоюды, дұрыс ем жүргізуді, науқаспен қалай қарым-қатынас жасауды үйретеді.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/177121-ara-andyda-y-meditsina-universiteti-zha-a-ondyr-ymen-toly-ty

 

Просмотров: 1141 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]