Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:28
ҚАНТ ДИАБЕТІНІҢ ҚАУІПТІ ЕКЕНІН БІЛЕ ЖҮР!

Медицинада қант диабетi атауымен белгілі сусамыр ауруы бүгінде жалпақ жұртты бей-жай қалдырмауда. Дәрігерлер де салауатты өмір салтын сақтау керектігін, артық салмақтан арылу жайын айтып, дабыл қағуда. Осы орайда біз дер кезінде емделмесе, асқынып кететін дерт туралы тақырып қозғауды жөн көрдік.
Сусамырмен көбіне 40-50 жастан асқандар ауырады. Алайда соңғы кезде балалар да осы қатерлі ауруға жиі шалдығып жүр. Бұл дерт жыл сайын асқынып келеді. Жоғарыда айтып өткендей, аурудың бастапқы белгілері білінбейді. Соңғы жылдары елімізде «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, азаматтардың денсаулығын жақсарту жолында қызмет ете бастады. Аталмыш бағдарлама аясында қатерлi iсiк, жүрек, қан-тамырлары ауруларымен қатар қант диабетін де дер кезінде анықтап, толықтай емдеп жазуға мүмкіндік туды. Дәрігерлердің пайымдауынша, уақтылы емдеу шарасы ұзақ өмір сүруге кепілдік береді.
Қант диабеті ерте заманнан белгілі болған. 18-ғасырда бұл науқастардың зәрінің тәтті болатындығы, 19-ғасырда бұл аурудың себебі, инсулин мөлшерінің азаюы екені дәлелденген, ал 20-ғасырда совет ғалымы Коган Ясный қолдан инсулин дайындады. Инсулинді қолдан дайындағанға дейін науқастардың 3-5 жыл ғана ғұмыры болса, бүгінде 65 жылға дейін өмір сүреді.
ДДСҰ мәліметі бойынша қант диабетімен ауыратындардың саны 20 миллионға жуық, олардың ішінде балалар мен жасөспірімдер 10 пайызы құрайды. Оның кең таралуы әлеументтік ауруға жатқызуға және қоғамдық шараларды өткізуді талап етеді. Көпшілікті жаппай жоспарлы медициналық тексеруден өткізу, ауыратын адамдарды диспансерлік бақылауға алу, оларды инсулин препаратымен тегін қамтамасыз ету, арнайы тамақ түрлерін шығару және санитарлық-ағарту жұмыстарын кеңінен жүргізу.
Науқастарды емдеуде негізгі ем-диетотерапия және тиісті режимді сақтау қажет. Ал, балалардың тамағы құнды болып, майларсыз, оңай қорытылатын, қанттары аз болуы керек. Тамақты күніне 5-6 рет ішкен дұрыс. Ауру баланың рационында ет, жұмыртқа, балық, қаймақ, қанты аз көкөністер мол болса да, ақуыз мөлшері азайтылмайды. Кәмпит, қант, варенье, бал, торт мүлдем беруге болмайды.
Біздің өнеркәсібіміз қант диабетімен ауыратындарға арнайы тамақтар шығарады. Мәселен нан, шұжық, варенье, кәмпит, вафли құрамына қанттың орныны сорбит, ксилит қолданылады.

А.ЕГІЗБАЕВА.

ЗК-169/1 мекемесі, медицина бөлімінің аяжаны.

Әділет старшинасы.

http://syrboyi.kz/densaylik/16124-ant-diabetn-aupt-ekenn-ble-zhr.html

Просмотров: 608 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]