Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



19:10
АНА МЕН СӘБИ ӨЛІМІН БОЛДЫРМАУ – БАСТЫ МАҚСАТ

Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова салада үстіміздегі жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндады.
Басқарма басшысының айтуынша, негізгі жұмыстар «Денсаулық» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Бағдарлама аясында 203 іс-шаралар атқарылып, 28 нысаналы индикаторға қол жеткізу мақсаты тұр. Жоспардың басты мақсаты – облыс тұрғындарының күтілетін өмір сүру ұзақтығын 72,1 жасқа жеткізу. Биылғы жылға межеленген жас 71,91 болса, республикада 72,2 жас.

Саланың басты тетігі кадр мәселесі. Өткен жылы кадр әлеуетін арттыру үшін, 3 жылдық перспективті жоспары бекітілген. Мамандарды оқыту, қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру үшін облыс бюджетінен 60 млн теңге бөлінген. Биылғы жылдың жарты жылдығында 34 қажетті мамандар қайта оқытылып, 828 дәрігер, 556 мейірбике біліктілігін арттыруда.
Соңғы екі жыл қатарынан облыс үшін қажетті мамандарды резидентураға дайындау мақсатында облыс әкімінің гранты бөлініп келеді. Былтыр 11 резидент, биыл 20 үміткер аталмыш грантқа ие болды.
Мамандар мәселесінің шешілуі нәтижесінде, емханадағы дәрігерлік аймақтағы халық санын 2200-ден 1800-ге дейін төмендетілді. 2019 жылға 1500-ға дейін кезең – кезеңімен азайту жоспарлануда. Осыған орай, жыл басынан 33 жалпы дәрігерлік аймақ жаңадан ашылды.
Электронды денсаулық сақтауды дамыту концепциясына сәйкес, салада медициналық ұйымдардың IT-инфрақұрылымдарын жақсарту жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда, Қызылорда облысының барлық аумағында 22 республикалық ақпараттық жүйелер (Емдеуге жатқызу бюросы, Бекітілген халық тіркелімі, Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі, Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі, Диспансерлік науқастардың электронды тіркелімі, Дәрілік қамтамасыз ету ақпараттық жүйесі және басқалар сияқты) енгізілген.
Бүгінде облыс бойынша жергілікті медициналық ақпараттық жүйелер енгізу көрсеткіші 76,5℅ құрады. Бұл өз кезегінде медицина қызметкерлерінің қағазбастылығын жоя отырып, пациентке көңіл бөлу уақытын молайтады.
Аймақта биыл ана өлімі тіркелмесе, сәби өлімі көрсеткіші 53,5% төмендеген. Жалпы өлім көрсеткіші былтырғы жылдың осы кезенімен салыстырғанда 3,7% төмендеп, 1000 адамға шаққанда 2,6 құрайды.
- Ағымдағы жылдың 6 айында алғаш рет өңірде кеуде клеткасының деформациясына, жұлын-ми жарығы, жайылған перитонитке, бас сүйегі дефекттісіне, гидроцефалиямен туылған 21 нәрестеге ота жасалынды,- деді Ақмарал Әлназарова.
Өлім - жітім себебінің құрылымында бірінші орында қанайналым жүйесінің аурулары - 55,9%,екінші орында қатерлі ісіктер -14,6%, үшінші орында -тыныс жүйесі аурулары -14,2%.
Өткен жылы жалпы өлім-жітімнің себептерінің 52% құрайтын аурулардың 5 негізгі нозологиясы бойынша Жол карталары бекітілген болатын. Жол картасы салаға көптеген жақсы нәтижелерін беруде. Яғни, қатерлі ісік ауруынан өлім–жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 5,1% төмендеді. Сондай-ақ, туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 55,2%-ға, жарақат, улану, жазатайым жағдайлардан 28,2% азайған.
Былтыр жедел жәрдем қызметін жетілдіру мақсатында аудандық жедел жәрдем бөлімдері біріктіріліп, «Көмек» бірыңғай ақпараттандыру жүйесі қызметі енгізілді. Жүйе минутына 30 қоңырауға дейін қабылдай алады. Жедел жәрдем станциясында қосымша 3 бригада, трасса бойында 12 тірек пункті ашылды. 264 медициналық қызметкерлер жедел жағдайларда көмек көрсету дағдыларына беймделген. Жол-көлік оқиғасы тіркелген жағдайда бригада жету уақытын азайту мақсатында картография жасалып, аутсорсингке 10 автокөлік алынған. Сүйіншілейтін жаңалық жыл аяғына дейін лизингке 25 автокөлік алынбақшы.
Биылғы мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында №3 қалалық емханада амбулаторлық хирургия орталығы, қант диабеті ауруына шалдыққан науқастарға медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында облыстық медицина орталығында «Диабетикалық орталық» ашылды.
Тізбеге сәйкес, республикалық және жергілікті бюджет қаражатымен сатып алынатын дәрі дәрмектермен 48 науқас түрін емдеуге 500-ге жуық дәрілік препараттар диспансерлік есептегі науқастарға тегін түрде берілуде.
Облыс көлемінде медициналық көмектің толықтығын, сапалылығын, сабақтастығын арттыратын көмек көрсетудің барлық деңгейін қамтитын интеграцияланған моделін ұйымдастыруда жоспарлы жұмыс жасалынды.
Материалдық техникалық базаны нығайту мақсатында жыл аяғына дейін Жаңақорған аудандық емханасы, Қазалы аудандық орталық ауруханасы салынып, қолданысқа беріледі. Ал Арал аудандық ауруханасының құрылысы, Тасбөгет кентінде 250 келушіге арналған емхана және 4 ауылдық елді мекенде (Ақжарма, Жөлек, Бекбау, Өркендеу) дәрігерлік амбулатория құрылысын бастау жоспарлануда. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңбері аясында жалпы құны 4,6 млрд тенгені құратын 6 нысан қосылмақшы. Осы әріптестік негізінде қыркүйек айында жекеменшік 400 келушіге арналған емхананы ашу жоспарлануда.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы А.Әлназарова, кезең-кезеңімен мамандар тапшылығын жоюға, бастапқы медициналық санитариялық көмектің дамуы, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытында жұмыстар жалғаса беретін болады деді.

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.

http://syrboyi.kz/densaylik/13121-ana-men-sbi-lmn-boldyrmau-basty-masat.html

Просмотров: 963 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]