Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



09:01
Ғалымдар артық салмақтан арылмауға шақырды

Соңғы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ағзадағы майдың азаюы денсаулықтың нашарлауына алып келетіні ғылыммен дәлелденді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі The Lancet журналында шыққан мақалаға сілтеме жасап.

Канададағы МакМастер университетінің ғалымдары тамақтануға қатысты кеңестерді қайта қарап шығуға шақырды. Олар 18 мемлекетте 35 және 70 жас аралығындағы 135 мың адам қатысқан зерттеу жұмысын жүргізген. Нәтижесінде көмірсулардың көп болып, майлардың азаюы жүрек-қан тамырлары ауруларына алып келетіні анықталған.

Мамандардың айтуынша, ағза дұрыс жұмыс істеуі үшін белгілі бір мөлшерде майлар қажет. Олар ағзадағы мембрана жасушалары, жүйке талшықтарының түзілуіне, бұлшық еттердің дұрыс жұмыс істеуіне атсалысады.

Десе де, ғалымдар кей май түрінің адамға зиян екенін жасырмайды. Сол себепті, жаңғақ, авокадо, зәйтүн майы, балық құрамында болатын майларды ғана тұтынған дұрыс.

http://syrboyi.kz/zedelnews/15370-alymdar-arty-salmatan-arylmaua-shayrdy.html

Просмотров: 571 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]