Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



13:28
АДАМ ЖАНЫНЫҢ АРАШАШЫСЫ

Диагнозды дұрыс қою, ауруға зерттеу жүргізу, әр пациентке кәсіби ем тағайындаубұл медицина саласындағы дәрігерлерге аса қажетті қасиет. Әркез Гиппократ антын қабылдаған шипагер өзінен көмек сұрап келген адамның өміріне жауапты болып табылады. Осындай сындарлы жұмысты абыроймен еңсеріп жүргендердің біріГүлмария Дарменова. Ол «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» акционерлік қоғамының Қазалы теміржол ауруханасы филиалының І санаттағы дәрігер невропатологы. Қазір нейроинсульт бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының келісіміне сәйкес 2016 жылы теміржол ауруханасы жанынан 20 орындық нейроинсульт орталығы ашылды. Мұнда жедел бас ми қан айналысының бұзылысы бар науқастар үшін неврологиялық бөлімнің қызметі ұйымдастырылып, Қармақшы, Қазалы, Арал халқының денсау­лығын қадағалау міндеті жүк­телген. Бөлімшедегі нау­қастарға жоғары дәрежелі меди­циналық көмек көрсету мен диагноздарын анықтап, сапалы ем жасау Гүлмарияның негізгі міндеті саналады.

Гүлмария Ертуғанқызы мектептен соң, алдымен Қызылорда медициналық училищесін, кейін Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін қызыл дипломмен бітірген. Бір жылдық интернатураны жалпы практикалық дәрігер мамандығы бойынша М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық академиясының медорталығында өткізген ол мол тәжірибе жинап, кәсіби біліктілігін арттырды.

2001 жылдан бері Қазалы теміржол ауруханасының неврология бөлімінің меңгерушісі және қосымша балалар дәрігер невропатологы қызметтерінде болды. Қажырлы еңбегі мен іскерлігінің арқасында рефлексотерапия дәрігерінің қызметін игерген. Тәжірибесін шыңдау мақсатында неврология саласы бойынша М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық академиясының медициналық орталығында, Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында, Алматыдағы «ХАК» медицина орталығында, «Астана» АҚ медициналық университетінде білімін толықтырған.

Жасаған ем-домы адамдар жанына дауа болған Гүлмария Ертуғанқызы дәрігерлік борышына үлкен жауапкершілікпен қарайтын осындай білікті маман.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

http://qazaly.kz/adam-zhanyny-arashashysy/

Просмотров: 893 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]