Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



06:37
АҚ ЖЕЛЕҢДІЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет үйінде 12 мамыр – Халықаралық мейіркештер күні аталып өтті. Салтанатты жиынды ашқан аудан әкімінің орынбасары Арман Қаржаубаев мейірбикелерді төл мерекелерімен құттықтады.

Ежелден дәрігерлік қызмет адамгершілікті ту еткен кәсіп болып саналады. Айтулы мерекені адам тәнінің қиналысын жүрегімен сезіне білетін медбикелердің ерен еңбегінің бағаланатын кезі деуге болады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының төртінші басымдығы адами капитал сапасын жақсартуға арналған. Бұл – денсаулық сақтау саласын дамыту жөніндегі жүйелі көзқарас.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өз Жолдауында денсаулық сақтау саласының алдына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру және дәрілік заттардың бағасына реттеу міндеттерін қойып отыр. Өйткені, еліміздің бәсекеге қабілеттілігі дені сау ұлт арқылы жүзеге асырылады.

“Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы” дейді ұлы ойшылдар. Аудан тұрғындарының денсаулығын жақсарту жолындағы игілікті еңбектеріңіз бен өз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін, – деді А.Қаржаубаев.

Мерейлі сәтте аудан әкімінің орынбасары А.Молдабайұлы бір топ медбикелерге аудан әкімінің және облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Алғыс хаты» мен Құрмет грамотасын табыс етті.

Бұдан соң амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қазалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Күншығар Әбілов мереке иелерін айтулы күнмен құттықтап, еңбегімен еленген қызметкерлерді «Алғыс хатпен» марапаттады.

Мерекелік шара аудандық аурухананың мейірбикелері арасындағы «Үздік мейірбике» кәсіптік байқауына ұласты. Ережеге сәйкес 6 кезеңнен сүрінбей өткен Қожабақы ауылдық дәрігерлік амбулаториясы бірінші орынды жеңіп алды. Аудандық емхана екінші орынға тұрақтаса, қалалық емхана үшінші орынды қанжығасына байлады. Жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар берілді.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА.

http://qazaly.kz/a-zhele-diler-arda-taldy/

Просмотров: 873 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]