Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



07:47
АҚЫЛДЫ КОМПЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМА ДИАГНОСТ-ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ОРНЫН БАСУҒА УӘДЕ БЕРЕДІ

 

Қытай ғалымдары ауру адамның тін (ткан) үлгілерін сау адамнан ажыратып, аталық без (простата) обырын (рагін) нақтылауға қабілетті өзі оқитын жасанды интеллектті ойлап тапты. Жүйенің бақылау дәлдігі шынайы дәрігердің нақтылығымен теңесе алады деп хабарлайды The Deccan Chronicle.

Келешекте ж
үйе диагнозды қою процесін толығымен автоматтандырады деп есептейді құрастырушылар. Мұндай жүйеге қажеттілік аса жоғары, өйткені простата рагі – ерлер арасында кең тараған онкологиялық дерт (жылына миллионнан астам жаңа оқиға диагностикаланады). Диагнозды дәлелдеу үшін оны кейін дәрігер зерделейтін материал алынатын биопсия қажет болады. 

Алайда жаңа жүйеде бәрі өзгереді. Ол қатерлілік дәрежесін дәл сыныптайды. Жүйе 283 пациенттен алынған патологиялық тіннің 918 үлгісін сынақтан өткізді делінеді. Деректер өз жұмысын ұдайы жетілдірген және диагноз туралығын арттырған жүйе арқылы сүзгіден өткізілген. Нәтижесінде 99,38% дәлдікке қол жетті.

 

«Сыр медицинасы» газеті

 

Дереккөз: http://www.meddaily.ru

Просмотров: 506 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]