Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



09:52
АҚ ТІЛЕК АРҚАЛАҒАН «АРНҰР»

Бүгінде Әйтеке би кентінде 41 мыңға жуық тұрғын бар. Оның 13 мыңы теміржолдың солтүстік бетіндегі №5 ықшам ауданында тұрады. Ал бұл жақтың тұрғындары осыған дейін, мезгілсіз уақытта басы ауырып, балтыры сыздап қалатын жағдайда сырқаттанғанда дәрі алу үшін орталыққа сабылуға тура келетін. Бұл мәселе көпшілік басқосқан алқалы жиындарда талай мәрте өтініш-тілек ретінде айтылып жүрді.

Осындай қажеттілікті байқаған Рүстем Жиенқұлов тұрғындар мұқтаж­дығын өтеу мақсатында жеке дәріхана ашуды ойлады. Ол жұбайы Лаура Қарабековамен ойласып, азын-аулақ жиналған қаражаттарына кәсіп ашуға бел буды. Нәтижесінде фармацевтикалық істі қолға алды. Ұлының есіміне байланыстырып, ол дәріханаға «Арнұр» деген атау берді. «Арнұр Фарм» серіктестігінде дәрілердің сан алуан түрі бар. Оның үстіне күндіз-түні жұмыс істейтіні де қолайлы болып тұр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуге рұқсат еткен арнайы лицензиясы арқылы тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, бір адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Дәріханадағы 22 жылдық еңбек өтілі бар фармацевт Шара Махамбетова тұтынушыларға сауатты әрі пайдалы кеңес беруден жалыққан емес.

«Өз ісімді жақсы көремін. Тұрғын­дардың кейбірі дәрігердің ұсынған тізімімен келсе, енді бірі біздің кеңесімізге құлақ асады. Сондайда барлық қажетті ақпаратты ұсынып, медициналық көмек беруге әзірміз. Негізінде дәрілердің бағасы соншалықты қымбат емес. Дәріхананың ашыл­ғанына тұтынушылар дән риза. Азаматтардың денсаулығын қалып­тастыру, сақтау және нығайтуды мақсат тұтқан кәсіпкерлерге тұр­ғындар алғысын білдіруде. Әркез жан жадыратар лебіздерін айтып, ісіміздің берекелі болуын тілейді. Бұл ізгілікке толы сөздер жұмыс барысында бойымызға қуат береді», – дейді Шара Зейноллақызы.

Соңғы кездері ауданымызда дәрі­лік заттардың жетіспеушілігі азайып, халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жолға түсуде. Фармацевтика нарығындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көпшілігі қажетті дәрі­лерді тұты­ну­шыларға ұсыну арқылы қолжетімділікті жақсартуда. «Арнұр» дәріханасы ұжымындағылар да осы іске лайықты үлесін қосып жүргендер.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА.

http://qazaly.kz/a-tilek-ar-ala-an-arn-r/

Просмотров: 950 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]