Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



11:03
Ақтауда жүкті әйелдерге арналған мобильді қосымша пайда болды

28.08.2017

 Ақтаулық аналар жүктілік кезеңінде дәрігер кеңесін үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік беретін мобильді қосымша қызметінің шарапатын көріп жатыр. IT-технология енгізілген тың жоба «100 нақты қадам» ұлт жоспарының 82-қадамы аясында сәтті жүзеге асып жатыр. Ұялы телефонға қондырылатын бағдарлама жүкті әйелдің емхана дәлізінде кезекте тұру азабынан біржола арылтады. Шұғыл медициналық көмек қажет болған жағдайда, SOS батырмасын басу арқылы жедел жәрдем шақыртады. Бұл ретте мекенжайды көрсетудің қажеті жоқ. Барлық ақпар бірден монитор бетіне шығып тұрады. Қазақ елі қолға алған бұл жоба – ТМД мемлекеттері үшін тың жаңалық. Жүктілік кезеңінде қашықтықтан дәрігер кеңесін алуға мүмкіндік беретін байланыс құралымен 45 мыңдай қазақстандық әйелдер қолданады. IT-технология шілде айынан бастап өңірдегі емханаларда қолданысқа ене бастады.

Жанар Кішкенбаева, қала тұрғыны:

- Тәулігіне 24 сағат емдеуші дәрігеріммен онлайн байланыста болуым қуантады. Емханаға белгіленген күні ғана барамын. Бұрынғыдай кезекте отыруды ұмыттым. «Қазақстан сандық үлгідегі қызмет түрлеріне көшу керек» деген Елбасы сөзін жиі естуші едік. Қазірде бұл пікірдің дұрыстығын болашақ ана ретінде түсініп жатырмын. Мобильді қосымшаны пайдалану үшін дәрігер қабылдауына келесіз. Сол жерден бағдарламаны ұялы телефоныңызға қондырған соң, сандық жүйеге кіруге мүмкіндік беретін құпия сөзді аласыз. Яғни жүкті әйел мен дәрігер арасындағы байланысты бөтен адам білмейді. Мамандар өз кезегінде болашақ ана білуі тиіс қағидалар мен қажетті дәрілерді хабарлама жазып, онлайн жолдау арқылы кісі қабылдау уақытын үнемдейді.

Валерия Лагай, қалалық №1 емхананың акушер-гинеколог дәрігері:

- Жүкті әйелге шұғыл көмек қажет болса, SOS түймесін басады. Оны байқау оңай, үлкен қызыл шеңбер сандық бағдарламаның бастапқы парағында тұр. Шақырту сигналы жедел жәрдем станциясына жеткен бойда дәрігерлер дереу жолға шығады. Геолакация арқылы ұялы телефонның қай жерде екенін анықтаймыз. Мобильді қосымшаны пайдаланушылар әркез сайын жүкті аналарға арналған пайдалы кеңестерді де алып тұрады. Яғни екіқабат әйелдерді жиі мазалайтын көптеген сауалдарға тұщымды жауап та дайын. Ақтаудан шалғай орналасқан медициналық кешендерге қосымша компьютерлер жеткізілуде. Олар іске қосылысымен, бұл жоба облыс аумағын толық қамтиды.

Сәнім Танаева, өңірлік денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Біздің мамандарымыз оқытылды. Астана қаласындағы орталықтан арнайы келіп, енгізіліп жатқан жүйемен қалай жұмыс істеу керектігін оқытып кетті. Осы жылдың аяғына дейін бұл жүйемен облысты толықтай қамтамасыз етеміз. Ол үшін біз қосымша компьютерлермен қамтамасыз етіп жатырмыз. Қазірдің өзінде облысымыз 90%ға қамтылып тұр. Жылдың соңына дейін 100%-ға жеткіземіз. Сандық жүйе әзірге Ақтаудағы екі емхана мен Жаңаөзен ауруханасында қолданыста бар. Жоба жасақтаушылары Мұнайлы, Түпқараған, Бейнеу аудандарының дәрігерлерін оқытып жатыр. Ақ халаттылардың айтуынша, күзге дейін тіркеуде тұрған 10 мыңға жуық жүкті әйел мобильді қосымшаны ұялы телефондарына қондырады екен.

Авторлары: Талғат Исламұлы, Саламат Бекбаев

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/193568-a-tauda-zh-kti-jelderge-arnal-an-mobildi-osymsha-pajda-boldy

 

Просмотров: 729 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]