Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



15:36
Ақтөбеде үш жүздей отбасы дінді көлденең тартып балаларына екпе салдырмай отыр

Фото: centralasian.org

Ақтөбе облысы Темір ауданында үш жүзден астам отбасы жаңатуған нәрестелеріне "дінде тыйым салынған" деген себеппен екпесалдырудан бас тартып жатыр. Бұл жөнінде орталық аудандықаурухана меңгерушісі Ханым Балғазина айтты деп жазады "Орталық Азия хабар қызметі" .

Балғазина ауруханада мамандар екпеден бас тартқан ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр дейді.

Олар бөгде адамдармен сөйлеспейді. Сол үшін арнайы бір дәрігер әйел және бір дәрігер ер адамды түсіндіру жұмыстарына бөлдік. Олармен дінтанушылар, әкімдік және прокуратура қызметкерлері сөйлесті. Бірақ бүгінгі күні екпеге тек үш адам келді, — дейді Ханым Балғазина.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Әсет Қалиев облыс бойынша ата-аналары екпе салдыруға қарсы болған екі жарым мыңнан астам бала бар дейді. Оның сөздерінше, мұндай отбасылар көбінесе Алғын, Мұғалжар, Темір және Шалқар аудандарында және облыс орталықтарында көп.

“The Qazaq Times”

http://qazaqtimes.kz/post/5369

Просмотров: 833 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]