Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:26
АҚШ денсаулық сақтау министрі бюджетке 400 мың доллар шығын әкелген

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

АҚШ денсаулық сақтау министрі жеке ұшаққа отырып, бюджетке 400 мың доллар шығын әкелген

АҚШ президенті Дональд Трамп денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрі Том Прайстың жеке ұшақпен ұшқанына наразы. Ол журналистердің «министрді қызметінен аласыз бадеген сұрағына «көреміз» деп жауап берген.

Трамп Прайстың жеке ұшақпен кемінде 20 рет ұшқаны жөніндегі ақпаратты естіп, ашуланғанын жеткізді. Бұл салық төлеушілер үшін 400 мың долларға түскен.

Өкілдер палатасының қадағалау комитеті Ақ үйге және федералды мекемелерге үкімет мүшелерінің ресми және жеке сапарлары кезінде қанша рет жеке ұшақты пайдаланғаны жөнінде ақпарат сұраған.

Прайсмамандығы бойынша дәрігер-ортопед және бұрынғы конгрессмен. Ол конгрессмен болып тұрғанда, 2010 жылы демократ Нэнси Пелосиді жеке ұшақты пайдаланғаны үшін сынға алған болатын.

Прайстан басқа тағы де екі шенеунік жеке көлікке қатысты қалып отыр.

http://turkystan.kz/zhanalyktar/40625

Просмотров: 667 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]