Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:01
Ақмола облысының әкімі ашқан аудандық емхана да әлі күнге дейін жұмысын бастамаған

 Лентасын облыс әкімі ерте қиған нысан Ақтөбеде ғана емес екен. Былтыр жаз мезгілінде Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин арнайы өзі барып ашқан Зеренді ауданындағы емхана да әлі күнге дейін жұмысын бастамаған. Бір мезгілде 250 науқасты қабылдауға мүмкіндігі бар емхананың игілікке жарамай отырғанына ел наразы.

 

Жаңа емхананың кіреберісін жапқан үйілген қарды көріп, бұл мекемеге көптен бері адам аяғы баспағанын байқауға болады. Маңында да ары-бері жүрген жанды көрмейсіз. Өлі тыныштық. Тек қақпаның жанындағы дүңгіршекте күзетші отыр. Жалғыз отырып жалыққан Ербай Қасымов бұл емхананың қайта жыбылғанына бірнеше айдың жүзі болғандығын айтады.

 

ЕРБАЙ ҚАСЫМОВ, Күзетші:

- 2016 жылдың май айында ашылған. Кулагин келіп ашып кеткен. Содан бері мына больница ашылмай тұр, міне. Не себепті ашылмай тұрғанын білмеймін.

 

 

Өткен жылы жаз мезгілінің алғашқы айында лентасы қиылған емхананың есігі келесі күні-ақ қайта жабылған. Шат-шадыман дәрігерлер мен тұрғындардың қуанышы су сепкендей басылды. Себебі, сол жабылғаннан емхана әлі күнге дейін жұмыс істемей тұр.

 

Данияр Ғабдулин, Зеренді ауылының тұрғыны:

- Ескі емханада кісі көп. Осы емхана ашылса кезек болмас еді. Тез көрініп қайтар едік. Бір жылдан бері ашылмай келеді. Білмей мамандар жоқ па, чо та.

 

Ал жаз кезінде ашылуына арнайы өзі барған облыс әкімі Сергей Кулагин емхананың қайта жабылып, жұмыс істемей тұрғанын мердігер компаниямен байланыстырады.

 

СЕРГЕЙ КУЛАГИН, Ақмола облысының әкімі:

- Мердігер компанияның өкілдері бөлінген қаржыға емханаға заманауи құрылғылар қондыру керек болатын. Алайда, олар ол істеріне немқұрайлы қарағандықтан, құрылғылар әлі қойылған жоқ. Компанияны сотқа бердік. Бір-екі айдың көлемінде бұл мәселені шешеміз деп ойлаймыз.

 

Жаңа емхананы салуға 1 жарым миллиард теңге бөлінген. Соның 42 миллионы игерілмей қалған. Облыс әкімі емхананы уақытында ел игілігіне бермегені үшін тиісті қызметкерлерге ескерту бергенін де айтты.

 

Ерболат Асылбеков, Виктор Полянный

http://www.31.kz/video/show/id/16959/show/ib

 

Просмотров: 810 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]