Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



15:57
АҚ ХАЛАТТЫЛАРҒА АЛҒЫС

РИЗАШЫЛЫҚ

 

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!

Өз мамандығының біліктісі, еңбегімен көптің көңілінен шығып жүрген елгезек жан, аудандық жұқпалы аурулар бөлімінің дәрігері Әсел Сейілова басшылық етіп отырған орталықта кішкентайларымыз сырқаттанған сәтінде ем алып, шипагерлердің қалтқысыз қызметіне көңіліміз толды.

Сондықтан осы аталған орталық қызметкерлері Нағима мен Айман Махановаға, жас маман Нұрсезім Жарасқызына, шаруа бикесі Меруерт Шайховаға, тазалықшы Айгүл Жұмабаеваға алғыс айтамыз.

Жұмыстарына сәттілік, отбасында бақыт-береке, дендеріне саулық тілейміз! Осы бөлімде қажетті ем-дом алып, үйімізге оралдық. Бұл ретте олардың еңбегі ерен!

Сондықтан осы ұжымға алдағы уақытта да қажымай-талмай еңбек ете бергейсіздер демекпіз!

Ізгі тілекпен:

Сырғагүл Болғанбаева,

Айдана Уалхайдарова,

Жазира Оразова,

Жадыра Желмурзаева,

Ұлбосын Жұмаділлаева,

Нұргүл Мұқтарбекова.

 

Сурет Pinterest • The world's catalog of ideas сайтынан алынды

«Жаңақорған тынысы» 18 ақпан 2017 жыл

Просмотров: 1072 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]