Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



20:33
600 жекеменшік клиника тегін қызмет көрсетеді

Ағымдағы жылы Қазақстан халқы 600 жекеменшік клиникадан тегін медициналық көмек ала алады. Бұл Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры барлық жеткізушілерінің жартысына жуығын құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2018 жылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында халыққа қызмет көрсететін медициналық ұйымдармен келісімшарт жасасу процедурасын аяқтайды. Келісімшарт бірінші кезекте бірінші медициналық-санитарлық, жедел медициналық және өзге де басымдықты бағыттар бойынша көмек көрсету үшін жасалды», - делінген аталған қор таратқан ақпаратта. 2018 жылдың қаңтарындағы мәліметтерге сәйкес, 2018 жылға арналған медициналық қызметтерді сатып алу көлемін бөлу жөніндегі өңірлік және республикалық комиссиялар медициналық көмектің жоспарланған көлеміне өтінім берген 1385 медициналық ұйыммен келісімшарт жасасу туралы шешім қабылдаған. 5 қаңтардағы мәліметтер бойынша медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 673 млрд теңгені немесе ағымдағы жылы республикалық бюджеттен медициналық көмек көрсетуге бөлінген барлық қаражаттың шамамен 80 пайызын құрады. Қалған қаражат ел Үкіметі мен Денсаулық сақтау министрлігі қор алдына қойған міндеттер мен мақсаттарды ескере отырып, жылдың ішінде орналастырылатын болады. «2018 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында халыққа шамамен 600 жекеменшік медициналық ұйым қызмет көрсететін болады. Бұл қордың барлық жеткізушілерінің 43 пайызын құрайды. 2017 жылмен салыстырғанда жекеменшік жеткізушілердің саны 130 медициналық ұйымға артты. Ағымдағы жылы жекеменшік медициналық ұйымдармен жасалған келісімшарт сомасы 95 млрд теңгені құрайды. Бұл 2017 жылдың дәл осындай көрсеткішінен 2 есеге артық», - делінген қор ақпаратында. Айта кетерлігі, ағымдағы жылы мемлекеттік тапсырыс аясында елорда тұрғындарына 81 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Оның 36-сы мемлекеттік және 45-сі жекеменшік ауруханалар мен клиникалар. Олармен жалпы сомасы 75,5 млрд теңге болатын келісімшарт жасалды. Ал Алматыда 171 медициналық ұйым, оның ішінде 71 жекеменшік мекеме халыққа қызмет көрсетеді. Аталған ұйымдармен биыл 80 млрд теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалған.

https://aqmeshit-zhastary.kz/zanalyk/423-600-zhekemenshk-klinika-tegn-yzmet-krseted.html

Просмотров: 524 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]