Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



09:10
27 қаңтар – Дүниежүзілік лепра науқастарына көмек беру күні

Жылма-жыл қаңтар айының соңғы жексенбісінде лепраға шалдыққан науқастарға көмек берудің Бүкіләлемдік күні атап өтіледі. Оның мақсаты – медициналық қауымның ғана емес, сонымен қатар тұтастай әлемдік қауымдастықтың, әкімшілік басқарудың, қоғамдық ұйымдардың, іскер ортаның, қайырымдылық қорларының, діни қауымның және жеке адамдардың назарын осы мәселеге аудару және лепра сырқаттарын кемсітуге (дискриминациялауға) жол бермеу.

«Лепра науқастарының күнін» 1954 жылы бүкіл өмірін лепрамен науқастанғандардың құқығы үшін күреске арнаған Роул Фоллеро ұсынды.

Лепра – бұл терінің, жоғары тыныс алу жолдары шырышты қабығының және шеткі нерв жүйесінің гранулематоздық зақымдануымен сипатталатын созылмалы дерт. Ол дер кезінде нақтыланбаса (диагностикаланбаса) – процесске сүйек-бұлшықет аппараты, көру ағзасы мен ішкі ағзалар тартылады.

Лепраны жұғуы аз дерт деп есептейді. Жұқпаның негізгі берілу жолы – ауа-тамшы жолы, сирегірек тері арқылы.

Қазақстанда қазіргі кезде бір лепрозорий бар. Ол – Талдыарал қыстағындағы Қазақ республикалық лепрозорийі. Бұл емдеу мекемесінде лепраға шалдыққан науқастарға барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Оларды лепра микобактериясынан толық айықтыратын заманауи дәрілер қолданылады. Сол себепті сырқаттар айналасындағыларға кесел жұқтыра алмайды.

Бүгінде лепра елімізде толастаған, яғни элиминацияланған деп есептеледі. Дерттің жаңа оқиғалары тек сырттан келгендерде ғана сирек ұшырасады. Дегенмен, лепра ошақтары әлемде сақталған. Сондай елдермен байланыс күшейген қазіргі кезде дәрігерлер қауымының лепра дертін естен шығармағаны жөн.

 

М.А.СЕЙТАЛИЕВ,

Қазақ республикалық лепрозорийінің бас дәрігері,

«Сыр медицинасы» газеті, қаңтар айы 2019 жыл

Просмотров: 442 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]