Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



15:14
2020 жылы адамдар күйзеліске ұшырайды

Әлемдік психологтер 2020 жылға қарай адамдардың басым көпшілігі күйзеліске ұшырайтынын болжап отыр. Бұл туралы Raut.ru. сайты хабарлады.

Сарапшылардың айтуынша, тап осы ғаламдық мұң қауіпті аурулар ту­ды­рып, өлім көрсеткішін арттырып жібереді екен. Өйткені қазір күйзеліске ұшырап отырған адамдар саны тым көп. Тіпті бұл ауру қанға сіңіп бара жатқан көрінеді. Оның үстіне, әлемде алғыр, зерек, қабілетті адамдар саны өсіп келеді екен, сарапшылар: «Мұн­дай қабілеті бар адамдар күйзеліске төрт есе жиі ұшырайды» дейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы психологтерінің хабарлауын­ша, мұ­ның арты адамдарды қазіргіге қара­ғанда әлдеқайда қатерлі трагедияға ұшыратады. Мамандардың сөзінше, келешекте адамдар арасында өлімнің көбеюі осы күйзелістің салдарынан болады екен. Бұл жерде адамдар тек қана өзіне суицид жасамайды, соны­мен бірге психикалық ауруға шалды­ғатындар саны артатын көрінеді. «Оны­мен қоса адамдар арасында есірткіге, ішімдікке әуес жандардың қатары көбейеді», – дейді психолог мамандар. Сондықтан ДДСҰ-ның пси­хологтері 2020 жылы қарай әлемде адамдар өлімі мен мүгедек боп қалу фактілерінің басым көбі күйзеліске байланысты болатынын болжап отыр.
 
Просмотров: 1078 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]