Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Жүректің ишемиялық кеселіндегі мейірбикелік күтім

Жүректің ишемиялық кеселі (ЖИК) – олардың негізінде миокардтың оттегіге қажеттілігі мен оны коронарлық қан тамырларымен жеткізу арасындағы сәйкессіздік бар дерттер тобы.
ЖИК-нің стенокардия, миокард инфаркті, кардиосклероз түрінде білінуі мүмкін.
Мейірбикелік күтім
1. Стенокардиясы бар науқасқа дәрілік препараттарды қабылдау ережесін түсіндіру қажет. Мейірбике нитроглицериннің ішілмейтініне, керісінше тілдің астына салыну қажеттігіне көңіл аударуы тиіс. Егер нитроглицериннің 2-3 таблеткасын қабылдағаннан соң ауыру кетпесе дәрігердің шақырылуы керек.
2. Пациенттің ұтымды тамақтану мен мөлшерленген денелік жүктемелердің жүрек бұлшықетінің қанмен қамтамасыз етілуінің жақсаруына жетелейтінін білуі қажет. Оның психоэмоционалдық стресстерден мүмкіндігінше аулақ болғаны және өзін игеруді үйренгені жөн.
3. ЖИК-нің туындауының негізгі себебі коронарлық қан тамырлардағы атеросклеротикалық процесс болып табылатынын ескере отырып емнің бір бөлігі антиатеросклеротикалық диета (№10 с стол) болуы қажет.     

Гульжамал Уркенбаевна ЕМЖАРОВА,
мейірбике,
№1 кардиологиялық бөлімше,
“облыстық медицина орталығы” ШЖҚ МКК

Сурет www.top68.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (27.06.2015)
Просмотров: 868 | Теги: ЖИК, мейірбикелік күтім, емжарова, гульжамал | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]