
Коронарлық (жүректік) қан айналысының бұзылысынан туындаған миокардтың (жүрек бұлшықетінің) зақымдануын жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) деп атайды.
Оның негізгі түрлері: стенокардия, миокардтың жедел инфаркті, инфаркттан кейінгі кардиосклероз, диффузды кардиосклероз.
ЖИА 40-60 жаста пайда болады, дегенмен қазіргі кезде 30 жастан кішілер арасында да кездесіп жүр.
ЖИА-ның негізгі себебі – жүректің коронарлық артерияларының атеросклерозы.
Коронарлық қан ағымы мен жүрек бұлшықетінің метаболикалық қажеттіліктерінің арасындағы тепе-теңдіктің бұзылу нәтижесінде түрлі дәрежедегі біліністегі миокард ишемиясы дамиды.
ЖИА-на бейімдеуші факторлар:
- гиперлипидемия;
- артериалды гипертензия (жоғары артериалды қан қысымы);
- шылым шегу;
- гиподинамия (аз қимыл-қозғалыс);
- дене массасының ша адан тыс артық болуы;
- жоғары калориялы тағамдану;
- қант диабеті (сусамыр);
- ата-тектік бейімділік.
Жайдары Каржаубаевна АБДРАМАНОВА,
мейірбике,
№2 кардиологиялық бөлімше,
«облыстық медицина орталығы» ШЖҚ МКК
Сурет zdrav-bud.ru сайтынан алынды
|