Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Жүректік-қан тамырлық жүйе кеселдеріндегі диета

№10 диета жүректік тапшылығы жоқ жүрек-қан тамыр жүйесінің (ЖҚТЖ) кеселдерінде тағайындалады.
Диетаның жалпы сипаттамасы: майлар мен кейде көмірсулар есебінен тағамның қуаттық құндылығын аздап төмендету. Натрий хлоридін елеулі шектеу, сұйықты тұтынуды азайту. Ет пен балық асылып беріледі.
Жүректік тапшылық құбылыстары нақты білінгендегі жүрек-қан тамыр дерттерінде №10 а диета нұсқалады.
Диетаның мақсаты: бұзылған қан айналысын, ЖҚТЖ қызметтерін, бауырдың, бүйректің функцияларын жақсарту.
Тағамдану режімі аздаған порциямен күніне 6 рет, диетаны шектеулі уақытқа – 4 аптадан артық емес мерзімге тағайындайды.
№10 с диетасын жүректің, мидың немесе басқа ағзалардың атеросклерозында, тыртықтану сатысындағы миокард инфарктінде, гипертониялық ауруда нұсқайды.
Инфаркт миокардында №10 и диетасы тағайындалады.
Бұл диетаның мақсаты: жүрек бұлшықеттеріндегі қалпына келу үдерістерін жеңілдету, қан айналымы мен зат алмасуын жақсарту, ЖҚТЖ-не түсер жүкті азайту және ішектің қозғалыс функциясын қалпына келтіру.  

Нуржамал ЖЫЛКЫБАЕВА,
емдәм (диета) мейірбикесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы

Сурет www.vashaibolit.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (30.03.2015)
Просмотров: 940 | Теги: нуржамал, ЖҚТЖ, жылкыбаева, диета | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]