Жүрек маңындағы ауыру сезiмi – бұл жүрек кеселдерiнiң ең жиi белгiлерiнiң (симптомдарының) бiрi.
Стенокардия – жүрек тұсында немесе төс астында ұстама тәрiздi, жүректi қысатын қатты ауырумен сипатталады. Бұл 30 минутке, яғни жарты сағатқа дейiн созылады.
Миокард инфарктi – қарқынды және ұзаққа созылатын ауыру синдромы. Мұндай сәттерде мейiрбике сабырлық сақтап, асып-сасуға жол бермей, байыпты түрде мына шараларды жүзеге асыруы тиiс:
- дене күштемесiн шектеу, сырқатты толық тыныштандыру;
- науқасты отырғызу немесе бас жағын жоғары етiп жатқызу;
- дереу дәрiгердi шақыру;
- науқастың тiлiнiң астына нитроглицерин таблеткасын салу, одан ықпал болмаса нитроглицериндi қабылдауын қайталау;
- денесiн қысатын киiмдерiн шешу;
- қан қысымын өлшеу;
- тамыр соғысының сипатын анықтау;
- дәрiгер келген кезде оның нұсқауларын бұлжытпай орындау.
Бота Айтуғановна ЖУМАГУЛОВА,
кезекші мейірбике,
“Казлепрозорий” ММ
Сурет www.likar.info сайтынан алынды
|