Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Жүрек-қан тамыр кеселдерінің негізгі симптомдары

Ентігу – бұл ауа жетіспеу сезімімен бірге жүретін тыныс алу ырғағының, жиілігінің және тереңдігінің бұзылысы. Жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары бар науқастардағы ентігудің пайда болу себептері қан айналудың кіші шеңберіндегі іркіліс құбылыстарының нәтижесінде қандағы көмір қышқыл газының мөлшерінің артуы және оттегі мөлшерінің азаюы болып табылады. Ентігу алдымен денеге күш түскенде пайда болады. Дерт үдеген сайын ол тұрақты болып тыныш кезде де жоғалмайды.
Тұншығу – ентігудің білінуінің ең жоғарғы дәрежесі. Ол тыныш жағдайда немесе дене жүктемесінен немесе эмоционалдық зорығудан кейін біршама уақыттан соң тұтқиылдан туындайды. Тұншығу ұстамасы жедел сол қарыншалық тапшылыққа тән және миокардтың жедел инфаркті, жүрек ақауы сияқты дерттерде ілесе жүреді.
Жүрек қағуы (жиі соғуы) – жүректің күшті және жиі, кейде ырғақсыз жиырылуын сезіну. Оның жүрек ырғағының бұзылысы ретінде, сондай-ақ жүрек жұмысының қалыпты ырғағында, мысалы денеге күш түскенде, эмоционалдық толқуда, алкогольді, кофеині бар сусындарды шектен тыс тұтынғанда бірге болуы мүмкін.
Сырқаттар кейде жүректің соғуындағы іркілістерге шағымданады – бұл көбіне экстрасистолияға байланысты.
Жүрек тұсындағы ауыру түрлі кеселдерде әр қилы сипат иеленеді, сондықтан ауру адамнан оның нақты орналасуын, таралуын (иррадиациясын), себебін және пайда болу шарттарын, ауыру сипатын, ұзақтығын, содан ауру кететін бұйымдарды пысықтау қажет.
Қан түкіру – қақырықта қан қоспаларының көрінуі. Оның пайда болуы көбіне көп қан айналысының кіші шеңберіндегі іркіліспен сабақтас.

Гульжамал Уркенбаевна ЕМЖАРОВА,
мейірбике,
№1 кардиологиялық бөлімше,
“облыстық медицина орталығы” ШЖҚ МКК

Сурет aniramia.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (27.06.2015)
Просмотров: 1639 | Теги: ентігу, емжарова, тұншығу, жүрек қағуы, гульжамал, қан түкіру | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]