Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Жұқпалық-уытты шоктың фазалары

Жұқпалық-уытты (инфекциялық-токсикалық) шок – бұл ауыр метаболикалық ауытқулар және полиоргандық патологиялардың дамуына жетелейтін қан айналымының жедел тапшылығы. Бұл көбінесе бактериемиямен жүретін жұқпаларда дамиды, мысалы: менингококкцемияда, іш сүзегінде, лептоспирозда. Оның тұмаудың ауыр ағымында, геморрагиялық қызбаларда, риккетсиоздарда туындауы ықтимал.
Қанға микробтық токсиндердің үлкен көлемі түседі. Бұған антибиотикпен емдегенде бактериалдық торшалардың бұзылуы әсер етеді.
Жұқпалық-уыттық шок 4 фазада немесе дәрежеде өтеді.
1) Ерте фазасы (І дәрежесі). Мұнда тахикардия, тамыр соғу қысымының төмендеуі, уыттану белгілері, қозу немесе мазасыздану байқалады. Шоктық индекс 0,7-1,0-ге дейін.
2) Шоктың анық біліну фазасы (ІІ дәреже). Қан қысымы (ҚҚ) күрт төмендейді (90 ммсынбағ-нан аз), тамыр соғуы жиі (мин/100 соғудан астам). Шоктық индекс 1,0-1,4-ке дейін. Жиі тыныс алу, бөгелу және апатия.
3) Декомпенсирленген шок фазасы (ІІІ дәреже). ҚҚ-ның одан әрі төмендеуі, тамыр соғысының одан әрі артуы, жалпы цианоз өседі, полиоргандық тапшылық (ПОТ) белгілері пайда болады: ентігу, олигоурия, кейде сарғаю. Шоктық индекс 1,5 шамасында.
4) Шоктың соңғы сатысы (ІV дәреже). Жалпы гипотермия, терісі мұздай, топырақ түстес. ПОТ белгілері тереңдейді: анурия, жедел тыныс тапшылығы, еріксіз дефекация, ес бұзылысы (кома). Шоктық индекс 1,5-нан астам.    

Гульмира Уткельбаевна ЕРГАЛИЕВА,
мейірбике,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет www.eurolab.ua сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (05.04.2015)
Просмотров: 1849 | Теги: гулмира, шоктық индекс, жұқпалық-уытты шок, ҚҚ, пот, бактериемия, ергалиева | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]