Екі қабат кезде алиментарлы темірге қажеттілік 800 мг Ғе болып табылады. Оның 300 мг-ы ұрыққа, ал 500 мг-ы эритроциттерді құруға кетеді.
Жүктілік қаназдылығы көбіне теміртапшылық түрінде болады. Диагноз Hb 100 г/л болғанда қойылады, Hb 110-115 г/л болғанда ем жүргізу қажет. Қан талдауы жүктілік кезінде 2 рет жүргізіледі, өркениетті елдерде сарысулық темір 28 аптада анықталады.
Теміртапшылық анемиясының этиологиясы:
1. Диетадағы Ғе тапшылығы;
2. Hb қалыпты болғанымен, етеккір кезінде тіндік темірді жоғалту;
3. Бұрынғы жүктілік (бала босанудың физиологиялық аралығы 3 жыл);
4. Фолий қышқылының тапшылығы (мегалобластикалық анемия);
5. Hb-нің төмендеуі қалыпты кезде қанның сұйылуы есебінен жүреді (екі қабат кездегі айналымдағы қан көлемінің – АҚК артуы).
Жолдан қосылған анемияда негізінен анасы жапа шегеді, өйткені ұрық анасының қанынан барлық темірді алып алады. Фолий қышқылының тапшылығы (мегалобластикалық анемия) жануар ақуыздарын, жас көкөністерді аз тұтынатын әйелдерде кездеседі. Hb 60 г/л болған анемияда гемотрансфузия қажет. Туа бітті қаназдықтар қан мен перинаталды өлімнің артуына ықпал етеді.
Света Арғынқызы ӘЛЕНОВА,
акушерка,
перзентхана бөлімшесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Сырдария аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Сырдария ауданы
Сурет mama9.ru сайтынан алынды
|