Есірткілік заттарды баяу өлтіруші деп бекерге атамайды. Адамды физикалық тұрғыдан жояр алдында ол оның тұлғалығын, даралығын, ойлау қабілетін және айналадағы әлемді адекватты қабылдау қасиетін өлтіреді.
Нашақор ата-аналардан дүниеге келген дені сау сәбилер сирек болады. Көбіне олар әлжуаз, аурушаң балалар, өмір бойы жапа шегіп өтеді. Жас нашақор қыздардың бала көтеру қабілеті әлденеше есе нашарлайды. Алдымен жыныстық жетілу тежеледі, одан соң сәбилі болу қасиетінен айырылады. Егер нашақор әйел жүкті болса, әлі дүниеге келмеген сәби өзіне зиянды заттарды сіңіреді. Есірткі ұрыққа бала жолдасы арқылы, емізулі нәрестеге ана сүті арқылы келеді. Есірткі қабылдаған әйелде ерте босану жиі құбылыс. Нашақорда болатын “морт сыну” сәбилерде де байқалады.
Алтынай МАМАНОВА,
аймақтық мейірбике,
диспансер бөлімі,
“облыстық наркологиялық орталық” МКҚК
Сурет centervasilenko.ru сайтынан алынды
|