Бала ана жатырында жатып бәрін соның организмінен алады. Қоректік заттар мен оттегі баланың организміне бала жолдасы және кіндік бауы арқылы түседі. Темекі тарту кезінде жүкті әйел бала ағзаларын шылымқор адамның қанындағы оттегінің бір бөлігінің орнын басатын ысты газбен улайды. Оттегі жетіспеуі ұрықтың жүрек ырғағын жиілетеді, өйткені оның оттегінің жеткілікті көлемін алғысы келеді. Уақыт өте келе қарқынды жүрек қызметінің мұндай ұстамалары жүрек бұлшықеттерінің ерте тозуына, сәйкесінше жүрек патологиясына жетелейді.
Екі қабат кезде темекі тартудың зардабы баланың аз салмақта туылуымен, кейбір ағзалардың дамуының жетілмеуімен, өкпе қызметінің болдыруымен білінеді. Анасы шылым шеккен балаларда ортаңғы құлақ қабынуы мен бронхиалды астма жиі кездеседі. Сондай-ақ бала жолдасының ажырауы, бала асфиксиясы, ерте босану сияқты елеулі патологиялар да болады.
Турсункуль Убайдуллаевна САРИЕВА,
аға мейірбике,
нәрестелер реанимациясы және қарқынды терапия бөлімшесі,
“облыстық перинаталдық орталық” МКҚК
Сурет healthvesti.com сайтынан алынды
|