Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Жүкті әйелдің диабеті

Жүкті әйелдегі сусамыр (диабет) – бұл екі қабат кезде, әдетте екінші немесе үшінші триместрде пайда болатын және бала босанғаннан соң кететін диабет.
Жүктіліктің кейбір гормондары инсулиннің әсерін бөгейді. Әдетте екі қабат әйелде инсулиннің деңгейі көтеріңкі, өйткені ұйқы безі өзін бөгейтін гормондардың әсеріне жауап ретінде көбірек инсулин өндіреді. 
Әйелдердің көбісінде ұйқы безі арта түскен жүктемені игереді, егер бұлай болмаса, организмде инсулин жетіспейді және жүкті әйелдің диабеті пайда болады. 
Оны диагностикалау оңай емес. 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының (ДДСҰ) критерийлеріне сәйкес жүкті әйелдің диабеті – бұл немесе диабет, немесе глюкозаға толеранттықтың төмендеуі.
Жүкті әйелдің диабеті арта түседі, егер:
- әйелде артық салмақ немесе семіздік болса;
- отбасында екінші типтегі диабет оқиғасы кездессе;
- әйелде себебі белгісіз өлі бала туу немесе нәрестенің өлімімен аяқталған жүктілік болса;
- бұрын әйелден өте ірі салмақтағы бала дүниеге келсе;
- әйелдің жасы 40-тан асса.
Жүкті әйелдегі диабеттің белгісі – жоспарлы талдауда зәрден қанттың аңғарылуы. 
Бұл кесел баланың қалыпты емес өсуіне жетелейді (макросомия) және бала өз мерзімінен өте ірі болып дүниеге келеді.         

Индира Сериккалиевна УТЕПОВА,
акушерка,
№1 туу бөлімшесі,
“облыстық перинаталдық орталық” МКҚК

Сурет womansy.com сайтынан алынды

 

 
Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (24.08.2015)
Просмотров: 888 | Теги: утепова, индира, макросомия, жүкті әйел диабеті | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]