Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Жоғары қауіптегі жүкті әйелдерді бақылау

Жоғары қауіпі бар екі қабат әйелдер кардиолог пен акушерканың бақылауына мұқтаж. Бала босану мен толғақ қысу кезінде анестезиологтың қатысуы міндетті.
Төсек режімін сақтау миокардтың оттегіге қажеттілігінің төмендеуіне ықпал етеді.
Ентігу эпизодтары кезінде маска арқылы оттегін ингаляциялау ұсынылады.
Ұрықтың жағдайы – қан сарысуындағы эстериолдың деңгейі мен ультрадыбыстық фетометрия арқылы анықталады.
Жүректік тапшылық дамығанда жүректік гликозидтердің және диуретиктердің қолданылуы мүмкін.
Бұрын табиғи туу жолдары арқылы бала босану дұрысырақ деп есептелетін, өйткені ондағы қан жоғалту кесарев кесуіне қарағанда азырақ болатын. Соңғы жылдары баланы босандырудың оңды тәсілі жалпы анестезиямен немесе комбинацияланған спиналдық-эпидуралдық анестезиямен жоспарлы кесарев кесуін жасау болып отыр.
Бала босандыру операция залында инвазивті венозды және артериалды бақылау мен артериядағы қандағы газдардың мөлшерін бірнеше рет анықтау арқылы мониторингтік бақылаумен жүргізіледі. Орталық венаның катетерленуі пайдалы, өйткені ол шунттағы қан ағысының бұзылуын тез анықтауға және гемодинамиканы бағалауға ерік береді.
Пациент әйелдің төсек режімін сақтауы және туудан кейінгі алғашқы тәулік бойына мониторингтік тұрақты бақылауда болуы тиіс.   

Айгуль Серикбаевна РАИМКУЛОВА,
акушерка,
№1 туу бөлімшесі,
“облыстық перинаталдық орталық” МКҚК

Сурет xn----7sbkiambaglcj1ag7d.xn--p1ai сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (24.08.2015)
Просмотров: 948 | Теги: жоғары қауіптегі жүкті әйелді бақыл, Айгуль, раимкулова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]