Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


ЖИТС және нашақорлық

АИТВ жұқпасының стерильді емес инелермен жұғатыны белгілі. Бұл негізінен нашақорлыққа шалдыққан науқастарда кездеседі. Өйткені қолданыста болған шприцті немесе инені қайта пайдаланғанда, оның бойында қалып қойған қандағы вирустың берілу қауіпі сақталады. Есірткілерді инъекциялық жолмен тұтынатын сырқаттарда АИТВ-ның жыныстық жолмен берілу қауіпі арта түседі. Себебі нашақорлар ретсіз және қорғалмаған жыныстық контакттарға жиі бараады.
Әдеттегі жыныстық контактта жұқпа жұғу ықтималдығы 1%  болса, АИТВ-мен жұқпаланған ортақ шприцтерді қолдану, бір рет инъекцияның өзінде жұғу тәуекелін 95%-ке дейін жоғарылатады.
Көптеген елдерде АИТВ жұқпасының негізгі таралу жолы есірткілерді көктамыр (вена) арқылы енгізу болып табылады. Есірткі әдетте адамның мінез-құлқын өзгертеді, сондықтан нашақорлармен жұмыс істеуде психологиялық көмек беру маңызды.   

Рабиға ЕЛБОСЫНОВА,
ЖИТС –тің алдын алу және  оған қарсы
күрес жөніндегі  орталығының
Қармақшы аудандық ПӘК
мейірбикесі

Сурет hiv-info.net сайтынан алынды

     

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (21.01.2015)
Просмотров: 1123 | Теги: рабиға, нашақорлық, АИТВ, елбосынова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]