Жедел улану – бұл шұғыл медициналық көмекті талап ететін жағдай. Жедел уланулар деп өмірлік маңызды қызметтерді бұзуды шақыратын және өмірге қауіп төндіретін көлемде (дозада) адам организміне улы заттардың бір түскенінде дамитын дерттерді айтады.
Уланулардың мынадай түрлері болады:
1) тұрмыстық:
- кездейсоқ;
- тағамдық;
- алкогольдік;
- өз бетінше емделу нәтижесінде немесе дәрілік препараттарды дозадан артық қолданғанда;
- улы жыландар мен жәндіктердің шағуы;
- өзіне қол жұмсау (суицидалдық) талпыныстары;
2) өндірістік;
3) соғыстық.
Уланулар әсіресе 5 жасқа дейінгі балаларда ауыр өтеді және олар аса қауіпті.
Уландырушы заттардың организмге мынадай жолдар арқылы түсуі мүмкін:
- ауыз арқылы;
- тыныс алу жолдары арқылы;
- тері мен шырышты қабықтар арқылы;
- қан арқылы (инъекциялар, шағулар);
- дененің табиғи қуыстары арқылы.
Рита Берикболовна ЖИЕНБАЕВА,
мейірбике,
“Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем” стансасы
Сурет ldear-blog.co сайтынан алынды
|