Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


ЖЕДЕЛ РЕСПИРАТОРЛЫҚ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯЛАРДАН САҚТАНУ

Жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) – бұл тыныс алу жолдарының қабынуымен жүретін (мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмекей, кеңірдек, бронхтар) вирустар және бактериялардан туындайтын, адамның ең көп тараған дерті. ЖРВИ ауа–тамшы жолымен таралады. Респираторлық аурулар мерзімдігімен сипатталады, олар әсіресе көктем, күз және қыс айларының қолайсыз күндерінде байқалады.
ЖРВИ белгілері: мазасыздық, дене қызуының жоғарылауы, тамақтың ауыруы немесе жыбырлауы, мұрын бітелуі, жөтел, бас ауруы. ЖРВИ жұқтыруға балалар, оның ішінде ерте жастағы сәбилер бейім келеді.
Сақтану шаралары:
- респираторлық инфекциялардың таралуын ескеру: сырқаттанғандарды ерте анықтап, оларды көпшіліктен оқшаулау;
- жеке бас гигиенасын мұқият сақтау;
- сырқаттарға күтім жасағанда медициналық маска тағып жүру;
- бөлмелерді жүйелі түрде желдетіп отыру;
- мерзімдік аурушаңдық жоғарылаған кезде көпшілік орындарға баруды шектеу;
- науқасқа және оны қоршаған адамдарға қарапайым күтіну шараларын ескеру керек;
- жөтелгенде немесе түшкіргенде мұрынды және ауызды бет орамалды жиі ылғалдап жуып отырған жөн;
- сырқаттану кезеңінде сұйықтықты, әсіресе лимон қосылған шайды көбірек тұтыну қажет,
Жедел респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алуда ағзаны жүйелі шынықтырып отырудың маңызы зор. Күнделікті душ қабылдап, салқын сумен шайынудың, артынан теріні сүлгімен ысқылап сүртінудің, ауа ваннасы, таңертеңгілік және өндірістік гимнастикалардың маңызды сауықтыру мәні бар.  Таза ауа, дене тәрбиесі мен спорт, өмір сүрудің құнды ережесі, витаминдері мол тағамдар тәрізді ағзаны нығайтатын барлық жағдайлар аурудың алдын алуға мол септігін тигізеді.

Гулсара Жунисовна СЫЗДЫКОВА,
мейiрбике,
балалар бауыр аурулары бөлiмшесi,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет mpmo.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (20.01.2015)
Просмотров: 1461 | Теги: сақтану шаралары, сыздыкова, гулсара, ЖРВИ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]