Жедел панкреатитте мейірбике пациентпен кесел, болуы мүмкін асқынулардың алдын алу және қайта соғуының профилактикасы туралы сұхбат жүргізеді. Пациентті қажетті ғылыми-көпшілік әдебиетпен қамтамасыз етеді.
Пациентпен диетаның және тағамдану режімін сақтаудың, өз кеселіндегі диетаның мәні жөнінде әңгімелеседі. Пациенттің диета ұстануын марапаттайды, ұсынылған диетаны ұстауын қадағалайды.
Ауыруды азайту үшін дәрілік препараттарды жүйелі қабылдау қажеттігін пациенттің есіне салады, оны уақытында қабылдауын бақылайды және аптасына 2 рет салмағын өлшейді.
Науқас стационарда болса, пациенттің туыстарынан келетін сәлемдеме сипатын қадағалайды. Пациенттің тамақ және сұйық ішуін бақылайды. Пациенттің төсегінің жанына құсу массаларын жинайтын ыдысы, суы бар құмыра және сулықтар қояды. Пациентке құсу кезінде көмек береді және дәрігер нұсқауы бойынша құсуға қарсы бұйымдарды қабылдауы қамтамасыз етіледі.
Айжамал Султановна ИЗТАЕВА,
мейірбике,
“Мәдениет” бөлімшесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы
Сурет pankreatit.saharniy-diabet.com сайтынан алынды
|