Жедел гломерулонефрит (ЖГН) – бұл көбіне шумақтық аппараттың зақымдануымен өтетін бүйректің жедел екі жақты иммундық қабыну кеселі. Ол клиникалық тұрғыда бүйректік және бүйректен тыс белгілермен білінеді.
Кесел белгілері (симптомдары) бастан өткерген стрептококктық жұқпалардан соң (2-3 апта) бірден пайда болады. Кеселдің классикалық үштік симптомы деп аталатынмен шұғыл басталуы мүмкін. Бұл: артериалды гипертензия, ісіктер және зәрлік синдром.
Пациенттердің шағымдары бел аумағының екі жағындағы ауырсынулар, дене температурасының көтерілуі, олигоурия (аз зәрге шығу) немесе анурия (зәрдің мардымсыздығы).
Қан қысымы көтеріледі, жүректе тахикардия құбылысы байқалады. Ісіктер бетте және көз аумағында орналасады.
Бас ауруы, көрудің нашарлауы, жүрек айнуы, қозғалыстық мазасызданулар, ұйқысыздық туындайды.
Гломерулонефрит кеселі түрлі нұсқада: ісіктің басым болуы – нефротикалық формада, немесе артериалдық гипертензиямен – гипертониялық формада өтеді. Немесе аралас түрінің болуы мүмкін.
Дерт буырқанып дамығанда және ауыр ағымда өткенде ісіктер бетпен шектелмейді, кең жайылған түрде болады.
Айсулу Сергеевна ТУЛЕМИСОВА,
мейірбике,
нефрология бөлімшесі,
облыстық медицина орталығы
Сурет www.syl.ru сайтынан алынды
|