Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Жедел гастриттегі мейірбикелік күтім

Жедел гастритте науқаста жүрек айну, тәбеттің бұзылуы, құсу, іш аумағындағы ауыру және с.с. пациенттік проблемалар болады.
Күтім бойынша мейірбикелік іс-әрекеттер
1. Мына тақырыптарда науқаспен сұхбат жүргізу, әңгімелесу:
- тағамдану режімін сақтаудың маңызы жөнінде;
- уыттанудан (интоксикациядан) – шылым шегу, алкоголь ішу бас тартудың мәні туралы;
- диетаны сақтау қажеттілігі жөнінде;
- кеселдің асқынуы мен жедел құбылыс кезеңінде дәрі-дәрмектерді міндетті түрде қабылдаудың маңызы туралы.
2. Мейірбике пациенттің диетаны сақтауы мен дәрілік препараттарды ұдайы қабылдауын бақылайды.
3. Науқастың дене массасын қадағалайды.
4. Науқасты түтік (зонд) арқылы тексеруге, рентгенологиялық және гастроскопиялық зерттеулерге дайындайды.
5.  Аурухана жағдайында туыстарының әкелетін сәлемдемелерінің құрамын тексереді.

Алия Тагайбековна СУИНДИКОВА,
“Мәдениет” дәрігерлік амбулаториясы,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы

Сурет udoktora.net сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (09.04.2015)
Просмотров: 929 | Теги: жедел гастрит, мейірбикелік күтім, суиндикова, алия | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]