Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Жатырдан тыс жүктілік. Акушерка кеңесі

Қалыпты жағдайда ұрықтанған аналық торша қалыңдаған эндометрийге – жатырдың шырышты қабығына енуі тиіс. Алайда атынан көрінгендей, жатырдан тыс жүктілікте ұрықтанған аналық торша басқа жерде, әдетте фалоппиев түтігінде немесе құрсақ қуысының басқа бір нүктесінде имплантацияланады.
Аналық торша бөлініп және өсе бастаған кезде фаллопиев түтігі (оның қалыңдығы бар болғаны 1-5 мм) созылады және ауырады. Кейінірек ол қақ жарылады.
Бұл қатты ауыруға, қан кетуге және шокқа жетелейді және әйелдің өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Жатырдан тыс жүктілікті аяғына дейін жеткізу мүмкін емес, өйткені жатырдан тыс жағдайда балаға қажетті қорек пен өсуіне жеткілікті кеңістік болмайды.
Егер жүктілік жатырдан тыс болса, бұл етеккірден соң 1-2 аптада, көбіне 7-9 аптада белгілі болады.
Оның негізгі белгілері:
- әдетте сұққылаған немесе толғақ түріндегі іштің төменгі бөлігіндегі ауыру. Мұны жарақаттанған фаллопиев түтігінен кеткен қан шақырады. Ауыру көбіне өте күшті болады және одан естен танудың болуы мүмкін.
- ауыру туындағаннан кейін әдетте қынаптан қан кету басталады.
- қан жоғалтудан көздің қарауытуы мен қалтырап-дірілдеудің пайда болуы ықтимал.
- жатырдан тыс жүктіліктің шамамен төрттен бір оқиғасында сыртқа қан кету жоқ, қан құрсақ қуысына құйылады, бұл шокқа және коллапсқа жетелейді.
- зәрге және нәжіске шыққандағы ауыру.
Егер жоғарыда аталған симптомдардың әлдебірі білінсе, әйелдің жедел жәрдемге қоңырау шалып немесе ауруханаға өз бетімен жетуі керек.    

Айгуль Серикбаевна РАИМКУЛОВА,
акушерка,
№1 туу бөлімшесі,
“облыстық перинаталдық орталық” МКҚК

Сурет udoktora.net сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (24.08.2015)
Просмотров: 1044 | Теги: Айгуль, жатырдан тыс жүктілік, раимкулова, акушерка кеңесі | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]